{metadescription}
Мемлекеттік мекемеде тәрбиеленіп отырған балалар қоғам тарапынан қолдау бар екеніне көзі жетті    
Мемлекеттік мекемеде тәрбиеленіп отырған балалар қоғам тарапынан қолдау бар екеніне көзі жетті    

Мемлекеттік мекемеде тәрбиеленіп отырған балалар қоғам тарапынан қолдау бар екеніне көзі жетті    

Бүлдіршіндер ертегі әлеміне саяхат жасады. Алматыда Қазақ мемлекеттік циркі 1500-ден астам бүлдіршінге арнап «Щелкунчик и Мышиный король» атты жаңажылдық қойылым ұсынды. Күлкі мен шаттыққа, қуаныш пен мейірімге толы екі сағаттық шара балаларға ұмытылмас әсер қалдырды. Қайырымдылық мерекесі Тұңғыш Президент қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Әр баланың жүрегіндегі қуаныш сезімін сөзінен ғана емес, көзінен де байқауға болады. Жаңажылдық мереке Алматы қаласы мен облысынан жиналған тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар, әлеуметтік мекеме тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналды. Ұйымдастырушылар кешті көңілді өткізу үшін Ресейден де цирк жұлдыздарын арнайы шақырған. Ертегі кейіпкерлері, әуе гимнасттары, акробаттар, үйретілген жануарлар балаларға қуаныш сыйлады. Жаңа қойылым оларды бір үйдің баласындай бір-біріне қамқор болуға шақырып, мейірімділіктің зұлымдықты әрқашан да жеңетінін жеткізуге тырысты. Соңында бүлдіршіндерге Елбасы қорының атынан жаңажылдық сыйлықтар табысталды.

Алмагүл Сейсенова, «Азамат әлеуеті» жеке қайырымдылық қорының президенті:

- Елбасы қорына алғысымыз шексіз! Елбасы қоры да біздің қазіргі Президентіміз айтып отырған инклюзивті қоғамды қалыптастыруға үлкен үлесін қосатын шаралар. Сондықтан бүгінгі шарадан кейін де отбасылары жалғыз емес екендігін, не болмаса, үй жағдайында емес, мемлекеттік мекемеде тәрбиеленіп отырған балалар қоғам тарапынан қолдау бар екенінен көзі жетті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.