2019 жылдың ең ақылды оқушысы марапатталды
Нұр-Сұлтанда жоғары сынып оқушылары арасында өткен республикалық интеллектуалды онлайн ойын жеңімпаздары марапатталды. Төртінші жыл қатарынан жалауын көтерген ойынға Тұңғыш Президент қоры ұйытқы болған.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
19.12.2019
Азат Шәуеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:
- Төрт жыл бұрынғы ең алғашқы ойынға 23 мың бала қатысқан. Ал биылғы ойынға 7 мың бала бүкіл республика бойынша онлайн ойнады. Бүгін үздіктерін марапаттаймыз. Бұл ойынның жастарға пайдасы мол. Өйткені сұрақтардың барлығы мектеп бағдарламасынан алынған.
«Кім білгіш?» ойынында түрлі саланы қамтыған 10 тақырып бойынша 35 мыңнан астам сұрақ берілген. Айта кету керек, бұл тұңғыш отандық ұялы қосымша. Турнир қатысушылары қалауына қарай қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жауап бере алады. Білім бәйгесінің әуелгі екі кезеңі онлайн түрде өтіп, іріктелгендер елорда төрінде мықтыларды анықтады. Турнирдің жеңімпаздарына «2019 жылдың ең ақылды оқушысы» атты арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Белсенді оқушылар да марапатсыз қалмады.
Сұраған Дәуіржан, жеңімпаз:
- Барлық жеңімпаздарды құттықтаймын! Ойынды ұйымдастырғандарға рақмет! Бұндай ойындардың тағы да көп болуын қалап, сіздерге көпкөп рақмет атамын!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!