{metadescription}
Ақтөбеде елудегі әйел пәтерін қолқаны жаратын қоқысқа толтырған  
Ақтөбеде елудегі әйел пәтерін қолқаны жаратын қоқысқа толтырған  

Ақтөбеде елудегі әйел пәтерін қолқаны жаратын қоқысқа толтырған  

Қоқысқа көмілген баспана. Ақтөбеде Плюшкин синдромына шалдыққан елудегі әйел көршілерінің берекесін қашырды. Қолына түскен қоқысты аядай жалғыз бөлмелі пәтеріне тасиды. Соның салдарынан бес қабатты үйді тарақан жайлап, тұрғындар күлімсі иіске тұншығып отыр. Ал әкімдіктегілер мен тәртіп сақшылары дәрменсіз күйде.  

Бисенгүл Ақтаева апта сайын уыстап у сатып алып, тарақанмен күресуден шаршаған. Түнімен балаларын бүрге шағып, қолқаны қабатын күлімсі иістен тұншығып отыр.

Бисенгүл Ақтаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Ішіп отырған асымыздың ішінен де кәдімгідей тарақандардың жүзіп жүргенін көргенде, балаларым да құсып, тамақ іше алмай қалған күндеріміз болды. Түнде жатқа кезде денемізде өрмелеп жүреді. Қаншама иіс тазартатын сепсек те, иісі етпейді. Киімдерімізге дейін иісі сіңіп етті.  

Бисенгүл жыбырлаған жәндіктердің қайдан шығып жатқанын іздеп біраз әуреге түсіпті. Сөйтсе, жарлас көршісі қоқысқұмар болып шыққан.

Елуден асқан Марина Байғазиева Плюшкин синдромына шалдыққан. Жалғыз бөлмесін қоқысқа көміп қойыпты. Тіпті кіреберіс есігі әзер ашылады. Көршілері оның бұрыннан сөзге сараң, тұйық адам екенін айтады. Бірақ мұндай кеселге шалдыққанын жақында ғана білген. Өзі қоқысты шығаратын «уақытым жоқ» деп ақталып отыр.

Марина Байғазиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Жуыпшайып жинаймын. Бірақ күнде жұмысқа барамын. Екі ауысымда істеймін. Түнде де жұмыс істеймін.

Қазір Маринаның үйінің жарығын кесіп, судан ажыратқан. Оның түзге шыққанынан да көршілері қорқып отыр.

Наталья Тимчук, Ақтөбе қаласының тұрғыны:  

- Ол үйінде пакетке дәрет сындырып, онысын терезеден лақтырады. Үйдің жаны былғанып, сатпақсатпақ болып жатқаны. Бір күні біреудің басына түссе не болады? Сұмдық қой!  

Ал әкімдіктен бастап тәртіп сақшыларына дейін дәрменсіз. Олар Плюшкин синдромына шалдыққан әйелді тезге сала алмайтынын айтады.

Эльнур Исмаилов, учаскелік инспектор:

- Бізге көршілері арыз жазған. Оны енді санитар мамандарға жолдадық. Олар тексеріп, бір шара қолдану керек. Ал енді терезеден қоқыс лақтыратын болса, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартамыз.

Плюшкин синдромына шалдыққандарды мәжбүрлеп ешкім үйін тазарттыра алмайды. Өйткені өзгенің шаңырағына рұқсатсыз кіруге болмайды. Ал қоқысқұмарлар жинаған үйіндісінен айрылғысы жоқ. Сондықтан мұндай жандарды тәртіпке шақыру үшін заңға өзгеріс енгізу қажет дейді полицейлер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде