Ақтауда бүлдіршінді сорпаға күйдірген балабақша өтемақы төлейтін болды
Ақтауда алты жасар қызды сорпаға күйдіріп алған балабақшаға қатысты сот шешімі шықты. Жазым болған кішкентай Каринаның ата-анасына мектепке дейінгі мекеме 800 мың теңге өтемақы төлеуі тиіс. Бұдан бөлек, сот шығындарын да балабақша өтейді.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.12.2019
Осыдан он ай бұрын ас бөлмеге жүгіріп кірген қыздың үстіне күтуші әйел ыстық сорпа төгіп алған. Соның салдарынан бүлдіршіннің денесінің 30 пайызын күйік шалыпты. Терісі тартылып әбден қиналған Карина әлі күнге дейін ем алып жүр. Анасы жұмысына салғырт қараған балабақша қызметкерлерін кінәлап, қалалық білім бөлімінен бастап, күтушіге дейін сотқа берген. Бірақ судья арызды тек ішінара қанағаттандырды. Бұған дейін тәрбиешілердің ем-домға 600 мың теңге жинап бергенін ескеріп, тек балабақшаға моралыдық шығын ретінде 800 мың теңге өтемақы төлетуді жөн деген. Ал қалалық білім бөлімі ескертумен құтылды.
Рахымжан Бейсенов, Ақтау қалалық №2 сотының төрағасы:
- Материалдық талаптарын өндіру бойынша сот бас тартты. Себебі, жауапкермен сот шешімін қабылдағанға дейін материалдық шығын толықтай өтелгендігі ескерілді. Бұл жайтты талап қоюшы жоққа шығарған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!