Былықтың беті ашылып, аутизм балалардың құқығын шектегендер жазаланды
Петропавлда аутизм дертіне шалдыққан балалардың құқығын шектеген дәрігерлер мен ұстаздар жазаланды. Бұған дейін сирек ауруға шалдыққан балалардың ата-аналары оларды коррекциялық мектепке қабылдамай жатыр деп шағымданған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
19.12.2019
Мамандар дәрігерлік-консультативтік комиссия қорытындысын желеу етіп, мүмкіндігі шектеулі жандарды үйлерінде оқуға жіберген. Бұл дауға прокуратура араласып, біраз былықтың беті ашылыпты. Ата-аналарға аутизм дертіне шалдықан ұл-қыздарын мектепке орналастыру ауадай қажет. Көпшілік ортамен байланыс науқасқа пайдалы. Мұнда олар қоғамға бейімделіп, адаммен араласып үйренеді. Ал коррекциялық мектеп кемтар жандарды бұл мүмкіндіктен шектеген. Бұған наразы болған жұрт дау шығарып, құзырлы орынға шағым түсірген еді. Прокуратура дәрігерлік-консултативтік комиссия анықтамасының заңсыз екенін әшкерлепті. Яғни науқастардың қатысуынсыз қорытынды жасалған.
Асхат Әмитов, Петропавл қаласы прокуратурасының аға прокуроры:
- № 12 түзеу мектепинтернаты қызметінде заң бұзушылықтар анықталды. Оқушылар толық көлемде білім алмаған жағдайлар болды. Прокурлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша, ДКК төрағасы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Және мектеп диреткоры айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!