{metadescription}
Балық өнімі дүкен сөресіне қандай жолмен жетеді  
Балық өнімі дүкен сөресіне қандай жолмен жетеді  

Балық өнімі дүкен сөресіне қандай жолмен жетеді  

Еліміздегі балық өнімдерінің 70 пайыздан астамы заңсыз айналымда жүр. Балық шаруашылығы саласының өкілдері Сенатқа осындай шағым айтты. Себебі, ондай өнімдер жеке шаруашылықтардан дүкен сөресіне дейін қандай жолмен жететінін ешкім қадағаламайды.

Сенат спикері Дариға Назарбаева балық шаруашылығымен қатар картоп және көкөніс өндірушілер одағы және май саласы қауымдастығымен кездесті. Қауымдастық өкілдерінің көкейдегі қордаланып қалған мәселелелері жетіп артылады. Балық өнімдері айналымының үлкен көлемі есепке алынбайды. Ғылыми-зерттеу институттарымен байланыс үзілген. Ал көкөніс шаруашылығының өкілдері бүкіл ірі қалаларда көкөністі жаппай тарату орталықтарын ашуды ұсынды. «Олар – баға нарығын реттеудің бірден-бір жолы осы», - дейді. Дариға Назарбаева айтылған арыз-шағым мен ұсыныстардың барлығын ескеріп, келер жылғы Парламент тыңдауларына шығаруға тапсырма берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде