Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік құрылады
Қазақстанда бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік құрылатын болды. Бірақ агенттікке ешқандай мемлекеттік мәртебе берілмейді. Қаржыландыру қайырымдылық қорлары арқылы жүзеге асырылады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
19.12.2019
Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
- Шетелдік агенттіктер біздің мемлекетімізде бар. Олар жұмыс істейді. Сондай өкілеттілікті біздің ұлттық агенттікке беру көзделіп отыр. Оларға ешқандай мемлекеттік өкілеттілік берілмейді. Біздің мемлекет қаржысынан бір тиын алмайды. Олар қайырымдылық қоры арқасында.
Сенат қабырғасында депутаттар «Неке және отбасы туралы» кодекстегі өзгертулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, жаңа агенттік бала асырап алуға ниетті отбасыларға психологиялық кеңес береді. Өйткені соңғы уақытта балалар үйінен жетімдерді асырап алып, кейін қайтару көбейген. Сондықтан болашақ ата-аналар жан-жақты тексерілмек. Ал соңғы нүктені сот қояды. Заңға қайшы, күмән туғызған жағдай болса, құзырлы орган баланы бермеуге құқылы.
Қазақстанда бес мыңнан астам қараусыз қалған бүлдіршін бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!