{metadescription}
Палач! Екі адамның өліміне себеп болған улы дәріні тәркілей бастады
Палач! Екі адамның өліміне себеп болған улы дәріні тәркілей бастады

Палач! Екі адамның өліміне себеп болған улы дәріні тәркілей бастады

Тарақан улаймын деп тіл тартпай кетті. Алматыда зиянкестерге арналған дәріден уланып ауруханаға түскен екінші адам көз жұмды.

67 жастағы Светлана Баленко 18 күн бойы жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан. Оны дәрігерлер жасанды демалу аппаратына таңып, қолдан келген медициналық көмектің бәрін жасапты. Алайда тыныс алу жүйесіне зақым келген науқастың беті бері қарамады. Ал оның 32 жастағы ұлы осыдан бір апта бұрын көз жұмған еді. Екеуі де «Палач» деп аталатын тарақанға қарсы дәріден уланған. Аталмыш оқидан кейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті дүкендер мен тұрмыстық химия сататын сөрелерді тексеріп, адам денсаулығына зиянды «Палач» улы затын тәркілеуге кірісіпті.

Әсел Бейсенбаева, Алматы қалалық қоғамдық басқармасы басшысының орынбасары:

- Қала тұрғындарына, тұрмыстық химия заттарының барлығы да екіншіүшінші дәрежедегі қауіпті заттарға жататынын ескерткім келеді. Сондықтан кез келген зиянкестерге қарсы дәрі алғанда қолдану ережесімен танысып шығыңыз. Сондай-ақ тауарды сатып алмас бұрын оның денсаулыққа қауіпсіз әрі мемлекеттік тіркеуден өткенініне көз жеткізген абзал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде