{metadescription}
Қымбаттап жатқан азық-түлік бағасына шенеуніктер қандай шара қолданып отыр
Қымбаттап жатқан азық-түлік бағасына шенеуніктер қандай шара қолданып отыр

Қымбаттап жатқан азық-түлік бағасына шенеуніктер қандай шара қолданып отыр

Мейрам қарсаңындағы қарбалас құнға кері әсер етуде. Алматыда жеміс-жидек пен көкеніс құны күрт қымбаттады. Жаңа жыл алдында пайдасын еселегісі келгендер қалауынша бағаны құбылтуда. Жылда қайталанатын бұл жазылмаған дәстүр көпшілік қалтасын қағатыны айтпаса да түсінікті. Ал жергілікті биліктің бұл жолғы амалы қандай? Тақырыпты шаһар дүкендерін шарлап, тараптар пікірін тыңдап қайтқан тілшіміз толықтырсын.

Ескі жылдың соңғы күндері кімнің де болсын шашылуға келгенде тарықпайтын шағы. Бұл психологияны пайда көзіне айналдырғандардың басты көзірі - бағаны өсіру. Соңғы күндері сөредегі өнім құны шарықтап барады. Жайшылықта 100 теңге тұратын картоп пен сәбіз орташа отыз, қырыққабат қырық теңгеге қымбаттаған.

Пұшынай Айсаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бәрі қымбат. Ақша еш нәрсеге жетпейді. Зжалақы көтермейді, аз. Азықтүлік бағасын кішкене түсірсе.  

Айжан Байманова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Желтоқсанның басынан бастап бәрі қымбаттай бастайды. Жұрттың бәрі жаңа жылға қарсы көп зат алады. Бәрі қымбаттап кетеді. Қымбат болса да, амал жоқ, бәрін аламыз.

Жаңа жылдың басты жемісі атанған апельсиннің құны тіпті 1000 теңгеге таяп қалған. Жүзім бағасы орташа 600 маңайласа, алма кемі 400 теңге. Желтоқсан желінде жан баққан сатушылар бағаның құбылуын қадағалау қолда емесін айтып ақталады.

Гүлшат Тәжібаева, сатушы:

- Қымбат қылып береді. Біз көп қоя алмаймыз, аз қоямыз, көшеде тұрғасын. Бесон теңгеге қымбаттайды ғой жылда.

Кәсіпкерлердің қомағайлығына алматылық шенділер қарсы амал ойластырыпты. Баға «былай болсын» деп саудагерлерге айта алмайды. Сондықтан қалада 8 әлеуметтік дүкен ашқан. Сонымен қатар ірі супермаркеттермен күнделікті тұтынатын тауарларды қымбаттатпау жөнінде келісімге келген.

Қанат Кәкен, Алматы қаласы кәсіпкерлік басқармасының бас маманы:

- Әлеуметтік дүкендерде сатылып жатқан жеміскөкеніс өнімдерінің бағасы 20-30 пайызға төмен қаламыздағы бағадан. Бұның ең бірінші істеп жатқан ісшараның мақсаты қаламызда жыл сайын жаңа жыл қарсаңында сауда орындарындағы саудагерлердің өз пайдаларын асыру мақсатында бағаны өте көтеріп ұстайды. Сол себептен, осы бағаны қаламызда тұрақты ұстау үшін осындай дүкендер ашылып жатыр.

Жыл аяғына дейін Алматыда осындай бірнеше әлеуметтік дүкен ашылады деп жоспарланып отыр екен. Бірақ бұл құбылған бағаны тізгіндеуге қаншалықты әсер ететіні белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.