{metadescription}
Нұрлан Ноғаевтың маңдайына министр болу бұйырыпты
Нұрлан Ноғаевтың маңдайына министр болу бұйырыпты

Нұрлан Ноғаевтың маңдайына министр болу бұйырыпты

Министр болу маңдайына бұйырыпты! Энергетика министрі ретінде қызметіне кіріскенімен, кабинетін әлі көрмеген Нұрлан Ноғаев алғашқы жұмыс күнін Үкімет отырысынан бастады. Су жаңа министр креслосын да, министрлік құрамын да әзірге өзгерткісі жоқ. 

Нұрлан Ноғаев, ҚР энергетика министрі:

- «Армандадым», «армандамадым» деп айтпаймыз енді. Қазақ айтады «маңдайға бұйырған» деп. Қазір Энергетика министрлігі Бозымбаев мырзаның атқарған қызметімен жүйелі түрде басшылықтың, Елбасы, Мемлекет басшысы, Үкімет басшы қойған тапсырмаларын орындап келеді. Сондықтан мен бүгін келіп алып, барлығын ауыстырамын, барлығына осылай шешім қабылдаймын деп айтпаймын.

Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет жиынын Нұрлан Ноғаевты құттықтаудан бастады. Жаңа министрдің ісіне сәттілік тіледі. Өйткені Ноғаев келген Энергетика министрлігі соңғы кезде даудан басы арылмай жүр. Екі бірдей министр орынбасары істі болып жатыр.

Атырауда Ноғаевтың орынтағына жайғасқан Махамбет Досмұхамбетовтің орны да бос тұр. Ал Ноғаевтың өзі Атырау облысын төрт жыл басқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде