{metadescription}
Көмек қажет! Жалғыз асыраушысы бар отбасы баласынан айырылып, үйсіз қалды
Көмек қажет! Жалғыз асыраушысы бар отбасы баласынан айырылып, үйсіз қалды

Көмек қажет! Жалғыз асыраушысы бар отбасы баласынан айырылып, үйсіз қалды

Петропавлда қайғылы жағдай! Тілсіз жау бір жастан енді асқан сәбидің өмірін жалмады. Бүлдіршін жалын шарпыған үйдегі түтінге тұншығып ажал құшқан. Оны жақындары сыртқа шығарып үлгермепті.

Нұрлан Көлбаев, СҚО ТЖД апаттан құтқару жұмысы және өрт сөндіру қызметінің бастығы:

- Өлген баланың әкесі де, анасы да үйде болмаған. Шешесі үлкен ұлын мектептен алуға шығып кетіпті. Оқыс жағдай сол сәтте болып отыр. 78 жастағы зейнеткердің денесінің 10 пайызын күйік шалған. Ал ажалдан өзі құтқарып алған 8 жасар немересі дін аман.

Оқыс жағдай бүгін күндізгі сағат 11 шамасында болған. Тұтанған өрт бірден күш алып, баспана алапат жалынға оранады. Үйде 78 жастағы зейнеткер сегіз және бір жарым жастағы немересімен болыпты. Кейуана тілсіз жаудың тұтанғанын кеш аңғарса керек. Есеңгіреп қалған ол тек үлкен немересін сыртқа шығарып үлгерген. Ал есінен танған сәбиді далаға құтқарушылар алып шықты. Алайда ол ауруханға жетпей көз жұмған. Болжам бойынша, от пештен шыққан шоқтан тұтанған. Өрт кесірінен жалғыз асыраушысы бар отбасының бүкіл дүние-мүлкі жанып кетті.

Юлия Бесимбаева, көршісі:

- Бұл отбасы енді жағдайын түзеп, балалар үшін бәрін жасап жатқан. Енді үйсіз қалып отыр. Баладан да айырылды. Өте өкінішті жағдай. Меніңше, бұларға көмек керек. Осындай жағдайда бірігіп, демеп жіберуіміз қажет. Жомарт жандар бейжай қарамайды деген сенімдемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде