Бес жылдық жоспар: Педагогтар мен дәрігерлердің жалақысы едәуір өседі
Үкімет білім беру және денсаулық сақтау саласының алдағы бес жылдық жоспарын мақұлдады. Осы аралықта бүкіл білім саласына бөлінетін қаражаттың көлемі жалпы ішкі өнімнің 7 пайызына дейін артады. Бұндай ел тарихында болмаған. Мектеп салуға алғаш рет жеке инвестиция тартылмақшы. Ал мұғалімдердің жалақысы екі есеге өседі.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
19.12.2019
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Төрт жыл ішінде 500 мың педагогтың еңбекақысын екі есеге ұлғайту қарастырылған. Мұғалімдерді қайта даярлау біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі енгізілетін болады. Бұдан былай балабақша, колледж педагогтары аттестаттаудан өтіп, жалақысы артатын болады.
Балдырғандар 100 пайыз балабақшамен қамтылады. «Үш ауысым жойылып, апатты мектептер мүлдем болмайды», - дейді министр. Орта білім ошақтарының заман технологияларымен жабдықталуы қамтамасыз етіліп, оқушылардың функционалдық сауаттылығына екпін қойылады.
Денсаулық сақтау саласында да тура осындай жаңалық. Алдағы бес жылдықта спортпен шұғылданатындардың елдегі үлесі 36 пайызды құрайды деген жоспар да бар. Дәрігерлердің жалақысы 2025 жылға дейін екі жарым есеге өседі. Оны есептеп қарасақ, 550 мың теңгеге жетеді деген сөз.
Халықты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелекші. Соның арқасында науқастар мен темекі және араққа тәуелділер санын азайтпақшы.
Елжан Біртаңов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Денсаулық сақтауға жалпы ішкі өнімнің 5 пайызы жұмсалады. Оған алты жылдың ішінде барлық көздерден 25,8 трлн теңге жұмсалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!