{metadescription}
Министр қаза тапқан дипломаттың туыстарының болжамымен келіспеді
Министр қаза тапқан дипломаттың туыстарының болжамымен келіспеді

Министр қаза тапқан дипломаттың туыстарының болжамымен келіспеді

Жұмбақ жағдайда қаза тапқан Мысырдағы елшілік қызметкері Еламан Жолдасовтың үш жылдық іс-сапары биыл аяқталуы керек болған. Каирдегі қайғылы жайтқа қатысты бүгін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді түсінік берді. Бірақ туыстары айтқан болжамдармен министр бәрібір келіспейді екен.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Ол ақпаратқа онша сүйенбеңіздер. Өйткені тергеудің нәтижесін күте тұрайық. Жәрай ма? Елшінің ұсынысымен тағы да бір жылға создырылған. Өйткені расында да өте білімді дипломат еді. 

Еламан Жолдасов мықты арабтанушы, терең білімді қызметкер болғандықтан, мысырдағы елшінің ұсынысымен қызметі тағы бір жылға ұзартылған екен. Ал заңда мұндайға рұқсат етілген. Алайда туыстарының «қолы байланған», «мойнына арқан салып, жерде сүйреген», «арқасында жарақаты болған» деген  мәліметтеріне министр мән бермеуді сұрап, тек тергеу нәтижесін күту қажеттігін айтады.

Мысырдағы Қазақстан елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов желтоқсанның 13-і күні үйінің есігінің алдында өлі күйінде табылған еді. Қазір бұл іспен Мысыр прокуратурасы айналысып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.