Семейде 19-20-шы ғасырларға тиесілі Аяз ата, Ақшақар, шырша ойыншықтарының көрмесі ашылды
Семейде Жаңа жылдың құрметіне орай ерекше ретро-көрме ашылды. Бұл жолы жұрт назарына шыршаны безендіретін ескі ойыншықтар ұсынылып отыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
20.12.2019
Олардың қатарында 19-20-шы ғасырларға тиесілі Аяз ата мен Ақшақардың мүсіншесі де бар. Әсіресе ақ мақта мен қағаздан қиылып жасалған ойыншықтар келушілердің қызығушылығын тудырды. Сол тұста жұрттың Жаңа жылмен бірін-бірі құтықтаған хаттарына дейін сөреге қойылған. Жалпы 300-ге жуық экспонат жиналыпты. Жәдігерлер жергілікті коллекционерлер мен мұражай қорына тиесілі.
Салтанат Сексенбаева, Семей қаласындағы Достоевский атындағы мұражайдың бөлім меңгерушісі:
- Негізінде, осындай көрме жыл сайын ашылады. Бірақ бұл жылы түгел Аяз атамызды толықтай жинастырып көрмеге қойды. Көрменің жұмысы бір айға созылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!