{metadescription}
Ақмола облысы: Жергілікті билік жұрттың өзеннен су тасып ішетінін білмейтін болып шықты
Ақмола облысы: Жергілікті билік жұрттың өзеннен су тасып ішетінін білмейтін болып шықты

Ақмола облысы: Жергілікті билік жұрттың өзеннен су тасып ішетінін білмейтін болып шықты

Қаракөлдің суына қарағандар! Ақмола облысының Есіл ауданында бір ауылдың малы да, жаны да түгел өзен суына қарап отыр. Жазда оны алып ішу жеңілірек болса, қыста мұз ойып, қарға көмілген жағадан әупірімдеп шығатын Интернационал ауылының жұрты әбден әбігерге түскен. Ауылға құбыр 2012 жылы ғана тартылыпты. Әйтсе де ашық су көзінің үстіне тастай салған насос жиі істен шығып, құбыры қатып қала береді екен. Ал жергілікті билік жұрттың өзеннен су тасып ішетінін білмейтін болып шықты.

500-ге тарта тұрғыны бар Интернационал ауылының тұрғыны тың игеру жылдары аталарымыз Қаракөл өзенін ауыз суға пайдаланған екен дейді. Бірақ қазір егістік алқап пен мал жайылымына тақалып тұр. Сондықтан ауыл шаруашылығы химикаттары да, малдың қиы да осы өзенге ағылады. Тіпті бір күні суға кеткен  адам денесі де мұз ойып жатқанда қалқып шыққан. «Осыдан кейін өзен суын оңайлықпен ішіп көріңіз», - дейді олар.

Амалы жоқ, жиіркеніп ішсе де, тіршілік нәрінің жалғыз көзі – Қаракөл. Мұз оятын сүйменін сүйретіп таң атысымен осында беттейді. Сабылған жұрт кейде бір-біріне қарайлап, қолы қарулы азаматтардың «мұз оюға шыққанын күтеміз» дейді. Содан кейін ыдысын алып жүгіреді. Жағасы биік жардан әркім оңайлықпен мініп түсе алмайды. Бірақ ауыз су үшін мал да, жан да осында асығады.

Ауылда орта мектеп те, балабақша да қақсып отыр. Оқушылар асханадан ас іше алмаса да, дәретханасының сусыз тұрғанына қиналады.

Ирина Казак, Интернационал ауылының тұрғыны:

Біз, міне, күнімен мектепте жұмыс істейміз. Не мектепте, не үйде су жоқ. Еден жуушылар да, балалардың төсекорнын жуатындар да бос отырады. Яғни жуылмайды. Жұмыстан келген соң үйде қол жуатын су іздеп сабыламыз. Міне, көрген күніміз осы.

Ауылда су құбыры бар. Тіпті ескі де емес. 2012 жылы қолданысқа берілген. Өзен үстіне насостан орнатылып, құбырға су айдалады. Бірақ ол да апталап сынып тұрады. Не құбыр жарылады, болмаса насосы істен шығады.

Роман Сумин, Есіл аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:

- Жер астынан су жоғалып кетті. Геологиялық зерттеу де жасалды. Содан кейін амал жоқ, 2012 жылы өзен үстіне су айдайтын құрылғы орнатып, мұнара тұрғыздық. Бұлай істеуге біз де қызыққан жоқпыз. Бірақ ол су тазартылады. Ал осы жолы насос күйіп кетті. Бүгін орнатуы тиіс. Өзеннен өздері барып алып ішетінін білмейді екенмін.

Есіл ауданының санитар мамандары да су құрамын талай тексерген. Сапасы да, құрамы да «қажетті минералдардарға бай» деп тұр. Бірақ, құбыр арқылы келетін «минералды суды» көрмегелі көп айдың жүзі болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.