Павлодар: Лифтідегі қайғылы оқиғадан соң шенеуніктер бір-біріне жөн сілтей бастады
Павлодарда лифтінің шахтасына құлап қаза тапқан зейнеткердің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал әкімдіктегілердің айтуынша, қаладағы жеделсатылардың 75 пайызы әбден тозып, қолдану мерзімі ескірген.
Автор: Мақсат Мәлік
20.12.2019
Полицейлер 64 жастағы әйелдің өліміне қатысты қауіпсіздік талаптарына сай емес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда көршілердің сөзінше, лифтіге қамалып қалған зейнеткерге көмектеспек болған бейтаныс адам жөнінде ештеңе айтылмаған. Ал құтқарушылар жедел сатыға еш қатысы жоқтығын айтып, өндірістік қауіпсіздік департаментіне хабарласуға кеңес беріпті. Бірақ ондағылар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызметкерлері жауап беруі тиіс деген уәж келтірген. Ең қызығы, соңғы сенім артқан мекеме тұрғын үй инспекциясына жөн сілтепті.
Нұрсұлтан Әубәкіров, Павлодар қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:
- Дәл қазір Павлодар қаласында 1464 лифт бар. Оның 70 пайыздан астамының қолдану мерзімі өтіп кеткен. Қызмет көрсетуші мекеменің дерегінше, барлық жеделсаты қалыпты жұмыс істеп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!