{metadescription}
Лубянкадағы қанды қырғынға баға берілді
Лубянкадағы қанды қырғынға баға берілді

Лубянкадағы қанды қырғынға баға берілді

Мәскеу орталығындағы атысты Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі лаңкестік әрекет деп бағалады. Қанды қырғын кеше кешкілік Лубянка ауданындағы аталған ведомство ғимаратының қасында болған. Мұнда белгісіз ер адам жалғыздан-жалғыз оқ жаудыра жөнеліпті. Қаскөйдің бұл әрекетінен қауіпсіздік қызметінің бір жауынгері қаза тапты.

Мәскеу орталығында қаннен-қаперсіз жүрген жұрт атысты естіп жан-жаққа қашқан. Өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі қаңғыған оқтан жарақат алыпты. Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің 4 өкілі жараланып, ауруханада жатыр. Жергілікті басылымдар Лубянкада оқ атқан 39 жасар Евгений Манюров екенін жазуда. Қаскөйді снайперлердің бірі сол жерде атып өлтірген. Оны құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы оқ жаудыруға не итермелегені белгісіз. Күдіктінің үйін тінту кезінде қару табылыпты. Нақтырақ айтсақ, тергеушілер 4 винтовка мен бір травматикалық қару тәркілеген.

Қазір қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал Мәскеу тұрғындары марқұм болған жауынгерді аза тұтып, қан төгілген жерге гүл шоқтарын апаруда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде