{metadescription}
Қарағанды облысының әкімі өндіріс басшыларына қатқыл мәлімдеме жасады
Қарағанды облысының әкімі өндіріс басшыларына қатқыл мәлімдеме жасады

Қарағанды облысының әкімі өндіріс басшыларына қатқыл мәлімдеме жасады

Теміртаудың экологиясына зиян келтірген кәсіпорындарға енді қатаң шара қолданылады. Қарағанды облысының әкімі ауаға зиянды қалдық тарататын өндіріс басшыларына қарата қатқыл мәлімдеме жасады.

Жеңіс Қасымбек барлық өндіріс басшыларын жинап кеңес өткізгенін айтты. Онда негізінен 2024 жылға дейін ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың көлемін 20-25 пайызға дейін азайту сөз болған. Ол үшін ірі кәсіпорындар инвестициялық бағдарлама аясында ескірген құрылғыларын заманауи жабдықтармен алмастыру керек. «Тек сонда ғана күні-түні түтіннен көз ашпайтын тұрғындардың тынысы кеңіп, экологиялық ахуал жақсара түседі», - дейді әкім. Ал аспанынан қара бұлт тарқамайтын Теміртау қазір еліміздегі ең лас қалалардың бірі.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі:

- Қазір Парламентте экологиялық кодекс қаралып жатыр. Онда экологиялық талап пен жауапкершілік күшейтілген. Бұдан бөлек, ауаны ластайтын ірі кәсіпорындарға қосымша қатаң шара қолдану керек деп ойлаймын. Осындай жанжақты әрекет ету арқылы экологиялық ахуалды жақсартуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде