{metadescription}
Атырау мұнай зауыты сорғы станциясының маңында балық қырылып жатыр
Атырау мұнай зауыты сорғы станциясының маңында балық қырылып жатыр

Атырау мұнай зауыты сорғы станциясының маңында балық қырылып жатыр

Атырауда тағы да балық қырылды. Бұл жолы су маржандарының өлекселері қаланың дәл іргесінде орналасқан Атырау мұнай өңдеу зауыты сорғы станциясының маңынан табылды. Ресми органдар тек 17 өлексе ғана табылды дегенмен, одан әлдеқайда көп екеніне біздің тілшілеріміз куә болды.

Дегенмен шығын көлемі әлі нақты емес. Құзырлы орындар су сапасы «қалыпты» деп отыр. Ал балықтардың қырылу себебін зертханалық сараптама біткеннен кейін ғана жарияламақ. Әзірге балықтар қырыла бастаған аумақта химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық және радиацияға қарсы зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Жайық өзенінде 110 тоннадан астам балық қырылып қалған. Атышулы іс бойынша сот процестері әлі жүріп жатыр. Ал бұл жолы мамандар «заңсыз құрылған аудың әсері болуы мүмкін» деген де болжам айтты.

Тыныштық Камиева, ҚР Балық шаруашылығы ҒЗИ, Атырау облыстық филиалының зертхана меңгерушісі:

- Балықтардың сыртқы пішініне қарағанда олардың қабыршақтары түскен, балшық күйде және сетканың іздері қалған. Сондықтан ойлаймыз, механикалық күйзеліске ұшыраған браконьерлік сеткалардан болуы мүмкін деп. Енді бұл балықтардың былтырғы балықтарға қарағанда ішкі құрылысын қараған кезде өзгеріс байқалмайды. Сол күйінде сақталынған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде