{metadescription}
Темір жол жаңа вагон алу үшін пойыз билетін қымбаттатпақшы
Темір жол жаңа вагон алу үшін пойыз билетін қымбаттатпақшы

Темір жол жаңа вагон алу үшін пойыз билетін қымбаттатпақшы

Пойыз билеттері тағы да халықтың қалтасын қаққалы тұр. Келесі жылдан бастап жол жүру ақысы жеті пайызға өседі. Қазақстан темір жолы билеттің қымбаттауы вагондардың тапшылығын жояды деген сенімде. Өйткені жаңа вагондарды сатып алуға қаржы жоқ.

Серік Әбденов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

-  Жыл сайын инфляция деңгейіне көтерілуі керек. Жылдың басынан көтерілмегеннен кейін, жылдың аяғында болғаннан кейін 10 пайызға көтердік. Келесі жылы да үмітіміз бар, инфляция деңгейіне көтеріледі деген. Ол 7 пайыз. Билет арқылы қайтармасақ, басқа табыс көзі жоқ қой, өздеріңізге белгілі.

Жұрттың есебінен жыртығын жамағысы келетін ұлттық компания биыл сатып алған 63 вагонға тағы 146 вагон қосады. Сөйтіп, ең алдымен, елдің батыс өңірі мен Алматы бағытындағы тозығы жеткен пойыздар жаңартылады. Егер монополист компания билет тарифінің өсуінен бас тартса, онда алақан жайып, мемлекеттен 2 миллиард 800 миллион теңге субсидия сұрамақ. Десек те, Сенат спикері темір жолдардың жағдайының мәз еместігін алға тартты. Дариға Назарбаева «Қазақстан темір жолының» жыл сайын тек жолдардың аз ғана бөлігін жаңартып жөндейтініне қынжылды. Бұл шенеуніктердің транзиттік әлеует туралы мақтана айтып жүргенімен мүлдем сәйкес келмейді.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

-  Темір жолдардың жалпы ұзындығы – 16060 шақырым, оның шамамен 3 мың шақырымы ғана жөнделген. Теміржол былай тұрсын, автомобиль жолдары нашар. Шекаралардағы инфрақұрылым туралы айтпай-ақ қояйын. Әрине, мұндай кезде тасымалдаудың өзге түрлері пайда болады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде