{metadescription}
Ақша-несие саясаты! Көлеңкелі экономикамен күрес мықтап қолға алынды
Ақша-несие саясаты! Көлеңкелі экономикамен күрес мықтап қолға алынды

Ақша-несие саясаты! Көлеңкелі экономикамен күрес мықтап қолға алынды

Жаңадан ақша-несие саясаты қабылданады. Сәт сайын құбылатын доллар бағамы жұртты әбден шаршатқан. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтылған жаңалықтың бірі осы. Оның үстіне, көлеңкелі айналымға түскен қаражат та тым көбейіп кеткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Ұлттық Банк 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық Қор трансферттерінің валюта нарығындағы айырбасын ай сайын және тоқсан сайын жариялап отыруы тиіс. Сонымен бірге айырбас кестесі де жарияланады. Ақшанесие саясатының стратегиясы қабылданады.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа стратегия көлеңкелі экономикамен күресуге керек. Әсіресе жалған фирма ашып, сол арқылы ақша жымқыруды әдетке айналдырғандардың жолын кесуге күш жұмсалады. Себебі, қазірдің өзінде 3 триллион теңге көлеңкелі экономика айналымында жүр.

Сондай-ақ, ірі көлемді қолма-қол төлемдер цифрлы форматқа ауыстырылмақ. Әсіресе жаңадан тұрғын үй мен автокөлік сатып алатындар ақшаны ендігәрі қолма-қол төлемейді. Себебі, қазір ондай үлкен ақшаны қалтасына салып жүретін бизнесмендер некен-саяқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде