{metadescription}
Жанармай бекетінің кассирін пышақтап, кассаны тонап кетті
Жанармай бекетінің кассирін пышақтап, кассаны тонап кетті

Жанармай бекетінің кассирін пышақтап, кассаны тонап кетті

Алматыда жанармай бекетінің кассирін пышақтап, кассадағы ақшаны қолды қылған. Бірақ алысқа ұзамай ұсталды. Сөйтсе, құлқынын ақша тескен қаскөй кассирдің жақын танысы екен. Бекет қызметкері жапа шеккен әріптесінің әрекетін өзінше түсіндіруге тырысты.    

Қарлығаш Шайдарова, жанармай құю бекеті қызметкері:

- Ана кісіден келіп тамақ сұраған ғой. Ол сосын тамақ жылытып, тамақ берген. Кінәсі сол.

Бірақ полицияның мәліметі басқа. Сақшылар кассир мен қаскөйдің бөтелкелес болғанын айтады. Сол күні екеуі әдеттегідей арақ ішкен. Сол жерде күдікті танысынан ақша сұрапты. Ал қарызды ала алмаған соң тамағынан, шүйдесінен екі мәрте пышақ сұққан. 40 мың теңгемен із-суытқан күдікті ұсталып қамауға алынды. Ал оңбай жараланған кассир ауруханада жатыр. Ақ халаттылар 54 жастағы азаматтың бір ажалдан аман қалғанын айтады. Өйткені пышақ күре тамырына бір миллиметр ғана жетпей қалыпты. 

Арсен Семенов, хирург:

- Бізге мойнындағы пышағымен, ауыр жағдайда келіп түсті. Шұғыл түрде ота жасадық. Қазір жағдайы қалыпты. Бір аптадан соң үйіне жібереміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.