{metadescription}
Жаңа жылда сұранысқа ие бірқатар өнімнен бас тартыңыз
Жаңа жылда сұранысқа ие бірқатар өнімнен бас тартыңыз

Жаңа жылда сұранысқа ие бірқатар өнімнен бас тартыңыз

Халал дегені арам болғаны ма? Алматыда аты танымал бренд компания шығаратын шұжықтарға қатысты ши шықты. Халал атын жамылған кей өнімнің талапқа сәйкес келмейтіні анықталды. Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тұрғындарды сақтыққа шақырады.

Шаһардың санитарлары жұртшылықты жаңа жылдың алдында сұранысқа ие бірқатар өнімдерден бас тартуға кеңес береді. Олар мегаполис дүкендеріндегі азық-түлікке сынама жасаған. Нәтижесінде, тауық еті, шұжық шығаратын нарықтағы алып компаниялардың өзінен заң бұзушылық анықталды. Бірінің құрамы бұзылса, екіншісі көрсетілген техникалық талапқа сай болмай шыққан.

Жыл басынан бері тұрғындардан осындай өнімдердің сапасына қатысты 700-ге жуық шағым түсіпті. Осылайша кондитерлік өнім мен шұжық қара тізімнің көшін бастап тұр. Мейрам қарсаңында бұқараның жаппай аталмыш өнімдерді тұтынатыны түсінікті. Атқамінерлер халықты сақ, әрі дүкенде сауда жасағанда мұқият болуды ескертті.

Айзат Молдағасымова, Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

- Оның бәрін тексерілген кезінде нәтижесіне қарай барып штраф салынады. Керекті өнімдердің бәрі сатылымнан алынады. Одан кейін оның өзінің өндірушісі табылады. Бірінші, табылғаннан бастап айыппұлдар салынады. Бүгінгі күнде ол 500 мыңнан астам айыппұл. Аз емес. Содан кейін тағы шығып тексереміз. Оның алдында табылған бұзушылықтарды жойдық, енді жойылмағанды қайта тексереді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде