{metadescription}
Бақыт! Шымкентте әкімдік пен құрылыс компаниясы ашуға булыққан үлескерлерге уәде берді
Бақыт! Шымкентте әкімдік пен құрылыс компаниясы ашуға булыққан үлескерлерге уәде берді

Бақыт! Шымкентте әкімдік пен құрылыс компаниясы ашуға булыққан үлескерлерге уәде берді

Шымкентте жүзден астам үлескер тиесілі баспанасын ала алмай жүр. «Бақыт» деп аталатын бизнес санаттағы тұрғын үй кешеніне ақша салған жұрт пәтеріне биыл сәуір айында кіруі керек болған екен. Бірақ оны беру мерзімі түсініксіз себеппен бүгінге дейін созылып келеді. Оған қоса үйдің сапасы да сын көтермейді дейді үлескерлер. Ал оны салып жатқандардың мың түрлі сылтауы бар.

«Бақыттың» жұртқа қашан бұйыратыны беймәлім. Шымкенттің жаңа іскерлік орталығында салынып жатқан «Бақыт» тұрғын үй кешені биыл сәуір айында берілуі керек болған. Бірақ құрылысты жүргізіп жатқан компания түрлі себеппен үш ай мерзімге деп үш мәрте созып, ақыры жыл аяқталуға шақ тұр. Сыртынан әдемі көрінген бизнес санаттағы тұрғын үйдің екі күндік желге терезелері де шыдамай сынып жатыр деп қынжылады үлескерлер. Бүгін олар мұнда бір топ болып кезекті рет келген еді. Бірақ бұл жолы үлескерлерді құрылыс басшылары мен күзетшілер жолатпады. 

Дариға Серікбаева, үлескер:

- Банк арқылы алғанбыз. 100 пайыз төлегенбіз, 22 миллион теңге. Пәтерлердің жағдайы өте нашар. Түсқағазы өте арзан. Қалай болса солай жабыстырылған. Төбелері жөндеп боялмаған. Сапсары дақтары, тесіктері де бар. Су ағып жатыр, балканың арасында жиналған су деп.

Үлескерлер бірер күн бұрын түсірген видеода жарық қосқышты есіктің жақтауына қоя салғаны көрініп тұр. Ал аққан судан төбелері сарғайып, тұсқағаздар ажырап жатыр. Тіпті тапсырыс алушылар салған кезде бөлмелердің өзін шатастырып, шатақ болып жатқан көрінеді. 

Үлескерлер тілшілердің көзінше тағы да шу шығарады деді ме, әйтеуір бұл жолы пәтерлерді көрсетпеді. 104 пәтердің барлығын бірер күнде толық «бітіріп береміз» деген құрылыс компаниясы басшылығымен үлескерлердің әңгімесі жараспады. Әуелі үйдің жобасын «жақсартамыз деп уақыт жоғалттық» деген олар мерзімнің созылып кеткенін әкімдіктен көреді.

Асылжан Құртаев, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» компаниясының директоры:

- Әкімдік жылу, су, жарық жүргізетін мекемені таңдау конкурсын тым кештетіп жіберді. Абаттандыру және инфрақұрылымды жүргізу жұмыстарын тек қыркүйек айында ғана бастады. Соның кесірінен біз де кешіктік.

Әкімдік керісінше, бас мердігерді кінәләйді.

Шамиль Аманқұлов, Шымкент қалалық құрылыс басқармасының бас маманы:

- Қазанқараша айларында абаттандыру жұмыстарын жүргізе алмадық. Себебі, тұрғын үй ауласында краны тұрды. Одан кейін құрылыс материалдардың мусорлары жатты жиналып, жинай алмады. Техникалары кіріп, қайта-қайта жүргізе алмадық жұмысты. Бізге кедергі жасады, иә.

Құрылыс компаниясы да, әкімдік те жаңа жылға дейін үйді толық бітіріп, үлескерлерге тапсырамыз деп отыр. Онсыз да мерзімінен сегіз айға кешіктіргеніне өкпелі тұрғындар пәтер сапасы келісім-шарттағы келісілген жобадан кем түссе, кінәлілермен соттасып, Президентке дейін шағым жазамыз деп тарқасты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде