{metadescription}
Жүзге тарта аурухана қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін
Жүзге тарта аурухана қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін

Жүзге тарта аурухана қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін

Ақтөбедегі темір жол ауруханасының төрт жүзге тарта қызметкері жұмыссыз қалғалы тұр. Өйткені медициналық мекеме жаңа жылдан бастап жұмысын тоқтатпақшы. Санитарлық талапты сақтамағаны үшін Денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға науқас қабылдауға тыйым салған. Теміржол ауруханасындағы жағдайды тілшіміз көріп келді.

Ақтөбедегі теміржол ауруханасының дәрігерлері таң атпастан науқастарын шұғыл қабылдап, дәліздегі жиналысқа дереу жиналды. Санитарлық тексеруден соң мұнғалардың мазасы қашқан. Өйткені жаңа жылдан бастап науқас қабылдауға Денсаулық сақтау басқармасы тыйым салмақшы.

Теміржол ауруханасы мен емханасы жабылса, 400-ге тарта қызметкер жұмыссыз қалады. Жыл басында жалақыдан қағылып қай мекеменің есігін қағып жұмыс сұраймыз деп уайымдайды дәрігерлер.

Ғалымбек Алқанбаев, дәрігер:

- Қаншама қызметкер бар. 20 жыл, 40 жыл жасаған адамдар бар. Үйренген жерлері. Ешкім кеткісі келмейді. Бәрінің басында несие, мойнында қарызы бар. Өзіме де қатысты.  

Ризада Әлімбаева, аурухана қызметкері:

- Зейнетке бір жыл қалды. Соған уайымдаймын. 20 жыл болды осында істегеніме. Жұмыссыз қалғым келмейді, қорқып тұрмын.  

Мекеме бытырдан бері сенімгерлік басқаруға жекенің қолына өткен. Аурухана 120 адамға арналса, емхана сол маңдағы 12 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Енді оларға мемлекеттен бөлінетін ақшаны тоқтатып, науқастарды қабылдауды жақын маңдағы емханаларға бөліп бермекші.

Марат Өтегенов, Теміржол ауруханасының басқарушы директоры:

- Тұрғындардың бәрін өзге емханаларға бөліп жатыр. Жылына 520 миллион теңге мемлекеттен науқас қабылдауға бөлінетін еді. Енді бермейтін болды. Ақша болмаса, біз қалай жұмыс істейміз? Дәрігерлер де жұмыссыз қалады.

Теміржол ауруханасының жаңа жылдан бастап жұмысын тоқтататынын облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы да растады. Себебі, санитарлық талапқа «мүлдем сай емес» деп отыр. 

Әсет Қалиев, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:   

- Ол жерде мүмкіншілік болмай отыр. Қиындықтар туындап отыр. Өйткені ауруханадағы жағдай санитарлық нормаға сәйкес келмейді. Емханасы, ауруханасы іші салқын. Бұл мәселелердің бәрі жойылған кезде біз керует қорын, тіркелген халықты кейін қарай қайтарып беруге дайынбыз.

Теміржол ауруханасына кемшіліктерін жоюға наурызға дейін уақыт берген. Егер аурухананың жылуын реттеп, тазалығын жөндесе, күні ертең лицензиясын қолына ұстатамыз дейді шенеуніктер. Ал дәрігерлердің ешбірі жұмыссыз қалмайды деп сендіреді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы оларды өзге ауруханалар мен емханаларға жіберетінін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде