{metadescription}
Алименттен қашып жүргеннің қарызын ата-әжесі өтеуі мүмкін
Алименттен қашып жүргеннің қарызын ата-әжесі өтеуі мүмкін

Алименттен қашып жүргеннің қарызын ата-әжесі өтеуі мүмкін

Алимент төлеуден қашып жүрген әкенің қарызын енді ата-әжелер өтеуі мүмкін. Шенеуніктер ұрпағының ашқұрсақ отырғанына қариялар да жауап беруі тиіс деген пікірде. Өйткені елімізде алимент төлеушілер қатары күн санап өсіп барады. Ер-азаматтардың отбасы алдындағы қарызы бес миллиард теңгеден асып жығылады. Ал алимент төлеуге қатысты қор құру жөніндегі бастама депутаттарға ұнамады. Неге?  

Бүгінге дейін шенеуніктер алиментті түрлі жолмен өндіріп көрді. Жұмыссыз жүргендерді жұмысқа жекті, қарызы үшін шетелге де шыға алмайтындай қылды. Бірақ, бәрі бәз-баяғы қалпында. «Бұған кейде қитұрқы әрекеттерге баратын жұмыс берушілер де кінәлі», - дейді депутаттар.

Балайым Кесебаева, Мәжіліс депутаты:

2017 жылы қабылданған Әділет және Еңбек министрліктерінің бірлескен бұйрығы: бұл мемлекеттік және жеке сот орындаушы арасындағы ісқимылдың жеткіліксіздігіне байланысты борышкерлерді жұмысқа тарту, орналастыру проблемасын шешкен жоқ. Жұмыс берушілер көбінесе жалақыны қолмақол және конвертпен төлейді. Алимент бойынша төлемді әдейі болдырмайды.

Алимент мәселесіне жауапты Әділет министрі оны өндірудің жаңа түрін ойлап тауыпты. «Безбүйрек әкелердің қарызын енді ата-аналарына төлету жолын қарастыру керек», - дейді Марат Бекетаев. Мұндай тәжірибені министрлік Италиядан үйренген екен. «Баласынан әкесі безгенімен, ата-әжесі ұрпағынан қашпайды», - дейді Бекетаев.

Марат Бекетаев, Әділет министрі:

- Оны қоғам болып, бірге талқылауымыз қажет. Біз өз тәжірибемізде алимент өндіру бойынша бірнеше шаралар қабылдадық. Бірақ, әлі шешілмей келеді. Италия заңында өте қызықты тәжірибе бар. Олар бұрынғы күйеуі алимент төлемесе, қарызды оның атаанасынан алады. Біз де соған көшсек деген ой бар. Немересі үшін ата-әжесі бәрін береді.

Ал борышкердің ата-анасы зейнеткер болса, оның атында үй немесе көлік болуы әбден мүмкін. Сол арқылы немерелері алдындағы әкелік борышын өтей алмай жүрген ұлдарының қарызы жабылады. Алайда депутаттардың шамына тиген жаңалық ол емес. Алимент төлеуді жеңілдету үшін министрлік арнайы қор құрмақшы екен. Ол әуелгіде жеке сот орындаушыларының есебінен толтырылмақ.

Гүлжан Қарағұсова, Мәжіліс депутаты:

- Мұндай бірдебір мемлекетте жоқ. Бұл заңға қайшы. Мемлекеттен қаржы алса, мен қарсымын. Әрбір баланың өз ата-анасы бар. Сондықтан ата-ана жауапты. Бір жағынан, әлеуметтік масылдықты туындатады. Алимент төлейтін азамат ертең, бұрынғы әйеліне: «Бар, әлеуметтік қордан ал ақшаны» деп айтуы әбден мүмкін. Сол үшін, мен қордың қажеттілігі жоқ деп ойлаймын.

Қорға бастапқы уақытта сот орындаушы 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни 500 мың теңгеден астам жарна төлеуі тиіс. Кейін қор қазынасы мемлекеттік бюджеттен толтырылмақ. Оған кеткен бюджет шығыны кейін баласынан қашып жүрген ер-азаматтардан өндіріп аламыз дейді Әділет министрі.

Жыл сайын Қазақстанда алимент төлейтіндер қатары артып келеді. Бүгінде еліміз бойынша 202 262 алимент төлеуші бар. Оның ішінде, 13 мыңдайы өз балаларынан жасырынып, тіпті мекен-жайын өзгертіп, жұмысын ауыстырып жүр. Олар өзінің отбасы алдында 5 миллиард 700 мың теңге қарыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде