Жол шетінде апаттын жапырылған төрт көлікке жеңіл машина келіп соғылды
Алматы-Қорғас тас жолында бірнеше көлік бірден соқтығысып, екі адам қаза тапты. Тағы үш жолаушы ауруханада жатыр. Ірі жол апатынан «Қазпошта» мен патрульдік полиция көліктеріне де зақым келген.
23.12.2019
Өткен жұмадан сенбіге қараған түні көктайғақтан жүргізушісі тізгінге ие бола алмаған жүк көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Осы апатты жол сақшылары тіркеп, хаттама толтырып жатқанда оларды тағы бір жүк көлігі қағады. Жол жиегінде жапырылған төрт көлікке сәлден соң жеңіл машина келіп соққан. Соның салдарынан «Тойота Каринаның» салонындағы екі адам қаза тауып, үшеуі ауыр жараланды. Жол азабын тартқан жүргізушілер апатқа «көк тайғақ себеп» дейді. Өйткені Батыс Еуропа – Батыс Қытай магистралі қардан мүлдем тазартылмаған. Ал жолға жауапты мекемелер арнайы техниканың жетіспеушілігін сылтауратады екен. Мәселен, Алматы - Өскемен тас жолының қауіпті асуларын қардан тазартуға небәрі үш арнайы техника жұмылдырылған.
Дәулет Молданаханов, Алматы облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
- Мұқыры асуында тұрмыз. Көріп тұрсыздар, жол тазаланбаған. Сол себепті тексеру нәтижесі бойынша жол мекемелеріне ұйғарым жібереміз. Қарды тазалау және құм төсеу мәселесі бойынша.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!