{metadescription}
Аймақтардағы ахуал: Ақтүтек боранда әлекке түскендер
Аймақтардағы ахуал: Ақтүтек боранда әлекке түскендер

Аймақтардағы ахуал: Ақтүтек боранда әлекке түскендер

Ақтүтек боранда әлекке түскендер! Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт бұзылып, көлік қозғалысы қиындады. Батыс пен Шығыс, Оңтүстік пен Орталық жұртын табиғаттың тосын мінезі әбден титықтаты. Жолда қалған жолаушылар өте көп. Аймақтардағы ахуалды тілшіміз тарқатып айтсын.

Жамбыл өңірінде өткен сенбі күні ауа райы ашуға мінді. Қалың қар түсіп, артынша секундына 30 метрге дейін жел соқты. Бұрқасын мен көктайғақ Жуалы ауданы Күйік асуындағы ахуалды тіпті қиындатып жіберген. Күре жолды басып қалған ақұлпадан көліктер жүре алмай қалды. 466 машина қар құрсауында қалып, 500-ден аса жолаушыға көмек көрсетуге тура келген. Арасында шетел азаматтары бар.

Самат Құсайынов, Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Жол жағдайын үздіксіз бақылау нәтижесінде зардап шегушілер болған жоқ. Қазіргі уақытта ауа райының тұрақтанып және жолдардың тазалануына байланысты Тараз қаласынан Түркістан облысы бағытындағы жол ашылды.

Ақтөбе облысында да дәл сондай жағдай. Ақтүтек бораннан адым жер көрінбей, күре жолда көліктер апатқа ұшырады. Жалпы саны 11 машина бір-біріне соғылып, 8 адам жарақат алған. Олардың бәрі Хромтау ауданындағы ауруханаға жеткізілді. Арасында жүкті әйел де бар. Дәрігерлерлердің айтуынша, олардың өміріне қауіп төнбеген.

Шығыстағы бет қаратпайтын бұрқасыннан да 100-ден аса көлік діттеген жерге жете алмай діңкеледі. Бәрі бірдей қарға малтығып, қаңтарылып қалды. Арасында үш жолаушы автобусы бар екен. Өскемен мен Семейге қатынайтын жолдағы шектеу тек бүгін алынды. Алайда Қазгидромед арқаны кеңге салуға ерте дейді. Себебі алдағы тәулікте күн райы тағы құбылуы мүмкін.

Думан Икенов, Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкері:

- Сол сияқты тағы да күннің өзгеруіне байланысты, осындай ауа райы күтілуде. Қала тұрғындары мен қала қонақтарынан хабарламаға көңіл бөліп сақ болуын сұраймыз.

Қарағандыда алты күн бойы толассыз қар жауып тұр. Қазір ақұлпаның қалыңдығы 60 сантиметрге жетті. Соның кесірінен көлік қатынасы қиындап, 39 жол апаты тіркелді. Ал коммуналдық қызмет көшелерді қардан аршып үлгермей, ақ тер, көк тер болып жатыр. Мамандар коммерциялық нысан иелерінің немқұрайдылығына наразы. Яғни олар ауладағы тау боп үйілген қарды жолға ысырып, одан сайын қиындық туғызып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.