{metadescription}
Нұрлан Қоянбаевтың жаңа картинасы нені насихаттайды 
Нұрлан Қоянбаевтың жаңа картинасы нені насихаттайды 

Нұрлан Қоянбаевтың жаңа картинасы нені насихаттайды 

«Кореядағы қазақша бизнес». Жуырда осындай атаумен жаңа комедия көрерменге жол тартады. Бұл қазақтардың осыған дейін көрсетілген Америкадағы, Африкадағы хикаяларының жалғасы. Ақшаны емес, рухани құндылықтар мен ағайындар арасындағы ауызбірлікті насихаттайтын картинаның жабық көрсетіліміне тілшіміз қатысып қайтты.  

Танымал әзілкеш, продюсер Нұрлан Қоянбаев көрермендерін биыл да тағы бір тамаша комедиясымен қуантпақ. «Бизнес по- казахски в Корее» фильмі - бұған дейін көптің көңілінен шыққан «Бизнес по казахски», «Бизнес по казахски в Америке» сынды керемет туындылардың жалғасы.

Комедияны шығарушылар интерьер ретінде нанотехнологияны таңдаған. Сондай-ақ, картинадан қосымша рөлдерді сомдайтын кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен Дильназ Ахмадиеваны да көре аласыз. Комедиялар сериясының бұл бөлімінде басқа да ерекшеліктері бар.

Рамазан Амантай, актер: 

Корей бөлімі ерекше бөлімдердің бірі болды деп ойлаймын. Бұл өздеріңіз байқағандай, афишадан Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чин Ынды пародиялаумен сәл ерекше.  

Оқиға желісі Алматыдан басталып, Оңтүстік Кореяның астанасында өрбиді. Фильмдегі отбасылық қонақ үй соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған. Халықаралық конференцияда таныстырылуы тиіс ең негізгі құрылғы – роботты қызметкердің бірі бұзып алады. Ал ол тек Сеулде жөнделетіндіктен, бұлар Оңтүстік Кореяға аттанады. Қайда барса да туысын тастамайтын қонақ үй иесі Жомарт Қанатұлы мұнда да түрлі қызық оқиғаны бастан өткереді.

Нұрлан Қоянбаев, фильмнің продюсері: 

Әр елде түсірілгені бірінші артықшылығы. «Бизнес показахски» бауырмашылдықты насихаттаған. Бәріміз туысқанбыз, туысқандықты жоғары қоямыз. Қандай жағдай болсын, ақша тұрады, бизнес тұрады. Бірақ, жақыныңның жағдайы нашарласа, кино желісі жақынымызды, туысымызды ойлайтындай етіп өрбиді.

Продюсер фильм арқылы Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның айырмашылығын көрсеткен. Сондай-ақ, Корей жастарының өмірі мен ауылға деген махаббатын жеткізуге тырысқан. Бұл туынды алғашқы көрсетілімнен-ақ көпшіліктің жоғары бағасын иеленді. 

Әсем Нұрсейіт, көрермен

Маған Нұрлан Қоянбаевтың барлық фильмдері ұнайды. Әсіресе, осы соңғы кинода туыстық қарымқатынасты жақсы көрсеткен. Өмірде де солай ғой, негізі. Жақсы әсер алдым.

Кореядағы қазақша бизнестің немен аяқталғанын білгіңіз келсе, желтоқсанның 26-сынан бастап, еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілетін комедияны тамашалауға асығыңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде