{metadescription}
Депутаттар қоқыс тарифын 33 пайызға өсірген
Депутаттар қоқыс тарифын 33 пайызға өсірген

Депутаттар қоқыс тарифын 33 пайызға өсірген

Оралда қоқыс шығару тарифі бірден 33 пайызға өсті. Жаңа тарифті жергілікті Мәслихат депутаттары бекіткен. Әкімдіктегілер бұл өзгеріске қалдық жинайтын мекемедегі техниканың тозуы мен азаюы «түрткі болды» дейді. 

Қанат Өмірәлиев, Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлім басшысының міндетін атқарушы: 

Жеке мекемелерге берілгеннен кейін бүгінгі таңда техниканың ескіруі, қаланың ұлғаюы және адам санының көбеюіне байланысты тарифтерді көтеру ұсынылған. Соңғы рет арнайы техникалар 2013 жаңартылған. Осы мекемеде 30ға жуық техника бар, оның жұмыс істеп тұрғаны 20-ның үстінде. 

Жергілікті билік тарифті көтеріп, қоқыс шығаратын компанияға қосымша міндет жүктемек. Енді олар контейнер айналасына тұрмыстық қалдықтарды шашып тастамай, жинап кетуі тиіс. Осы күнге дейін көпқабатты үй тұрғындары жан басына айына 216 теңге төлесе, жаңа баға бойынша 286 теңге, ал жер үйдегілер 292 теңге төлейтін болды. Сондай-ақ, жаңа ереже бойынша тұрғындар ескі жиһаз бен тұрмыстық техниканы қоқысқа шығару үшін арнайы техника шақыртып, қосымша құн төлейді. Өйткені жаңа тарифке ірі көлемдегі тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметі кірмейді екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.