{metadescription}
Алматыда Науаи тұрғындары көлігін қояр жер таппай сандалып жүр
Алматыда Науаи тұрғындары көлігін қояр жер таппай сандалып жүр

Алматыда Науаи тұрғындары көлігін қояр жер таппай сандалып жүр

Көлік тұрағына тайталас! Алматыда «Науаи» тұрғын үй кешенінің тұрғындары көлігін қоятын жер таппай сандалып жүр. Олардың айтуынша, кешенді салушы компания машина тұратын орындарға қадалар қағып, тарылтып тастаған. «Бағасы удай қымбат жерасты паркингінен орын сатып алуға ешкімнің қалтасы көтермейді», - дейді тұрғындар. Енді амалы таусылғандар қалалық әкімдік пен прокуратурадан көмек сұрайды. 

Қаланың қақ ортасында сән-салтанаты келіскен Науаи тұрғын-үй кешенінің маңында күнде жиын. Көлік қоятын орын таппай сенделгендер «күн санап, тұрақтың тынысы тарыла түсті» дейді жұрт. Ашулы тұрғындардың айтуынша, кешенді салған компания көлік тұрағына ешкімге ескертпестен қадалар қағып тастаған. 

Арман Жексенов, Алматы қаласының тұрғыны

Жақын арада «Халық Актив» ЖШС жол бағаналарын орнатты. Сондықтан біздің автотұрақта қазір орын аз.

Юри Цой, Алматы қаласының тұрғыны:

- Үй алған кезде сату бөлімінен мынадай кітапшалар көрсеткен. Онда қай жерде көлік тұрағы бар, барлығы тайға таңба басқандай көрініп тұр. Бірақ компания тарапы бізге ескертпестен, бағана орнатып жатыр. 

Тұрғындар әсіресе кешкі мезгілде көлік тұрағында қып-қызыл талас басталатынын айтады. Амалы таусылғандар көрші үйлердің ауласын жағалап тентіреп кететін көрінеді. Алайда соңғы уақыттары үйден аулаққа қаңтарылған көлікке ұры-қары тыным бермейді дейді тұрғындар.

Дарья Александрова, Алматы қаласының тұрғыны

Осы мәселе басталғалы бері кешкісін көлігімізді көрінген жерге тастап ететін болдық. Соның кесірінен машинамызға ұры түсіп, қолына ілінгенін әкетіп жатыр.

Базынасын жеткізгендер жауапты компания даладағы тұрақты «әдейі тарылтып отыр» деп есептейді. Себебі, көлігіне орын таппағандар шарасыздықтан жерасты тұрағын сатып алуға мәжбүр. Бірақ тұрғындар бір көліктің орны өте қымбат – 2 жарым миллион теңге тұратынын айтады. Ал компания өкілдері көлік тұрған аймаққа «қауіпсіздік мақсатында бағана орнаттық» дейді.

Ирина Царева, «Халық Актив» компаниясының маркетинг және сату жөніндегі директоры

Бұл жер бөлігінің тұрғынүй кешеніне еш қатысы жоқ. Өздеріңіз қарасаңыздар, сәл жоғары құрылыстың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Тұрғындар айтып отырған жолмен түрлі арнайы техника өтеді. Сондықтан көлік иелерінен ол жерге темір тұлпарын қоймауын сұраймыз. Ал жер асты тұрағының бағасына келсек, бұл бизнес санатындағы үй екенін ескертеміз. 

Алайда компания тарапы жерасты паркингін сатып алатындарға түрлі тиімді шарттар ұсынғанын алға тартады. Бірақ даладағы көлік тұрағына тиіспеуін талап еткендер құзырлы орындардан көмек сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде