{metadescription}
Іскер әйелдер Дариға Назарбаеваға не деп шағымданды  
Іскер әйелдер Дариға Назарбаеваға не деп шағымданды  

Іскер әйелдер Дариға Назарбаеваға не деп шағымданды  

Елімізде әйелдердің құқықтары жиі бұзылады. Әсіресе ер-азаматтар басқаратын салада нәзік жандылардың құқы көп тапталады. Еліміздің іскер әйелдері бүгін Сенат спикері Дариға Назарбаеваға осылай шағымданды.

«Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, елдегі ер-азаматтар бизнес, саясат және экономикада өздерін ең мықтымыз деп санайды. Ал әйелдер олардың пайымынша, үйде отырып, бала тәрбиесімен айналысу қажет. Мысал ретінде әйелдердің жәбір көріп, зорлық-зомбылықтан қорғана алмай жүрген деректері де айтылды. Соның қорытындысы бойынша Альянс мүшелері Назарбаеваға өздері әзірлеген бірқатар ұсынысын жеткізді. Дәлірек айтсақ, әйелдерге әлеуметтік қолдау пакетін әзірлеу ұсынылды. Оған аналық капитал, тұрғын үй сертификаты кіреді. Сондай-ақ, ана мен баланы зорлық-зомбылықтан қорғау үшін мобильді қосымша және психолог пен заңгердің көмегін тегін ұйымдастырып беруді сұрады.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Сіздер жасаған алғашқы қадам өте дұрыс. Тапсырмалар жоғары деңгейде орындалады. Альянс міндеті – халықтың әртүрлі тобынан, әртүрлі қызығушылығы бар белсенді әйелдерді көптеп тарту. Сіздердің соңдарыңыздан басқалар да еруі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде