Шымкент: Әйеліне пышақ салып, кейін өзін өлтірмек болды
Шымкентте ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал пышақтасумен аяқталды. Күйеуінің жұмыссыз екеніне налыған әйелі еріне ауыр сөйлеп, ашуға мінген еркек әйеліне пышақ салған. Артынша өзін өлтірмекші болған екен. Қазір екеуі де ауруханада. Әсіресе, өзін бауыздамақ болған 41 жастағы азаматттың хәлі мүшкіл.
Автор: Бек Әбиев
24.12.2019
Тайбек Садықов Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Мойнының айналасында пышақ жарақаты. Яғни, қалқанша безінің және де трахеясына зақым келген. Қан көп кеткен. Пышақ жарақаты көп. Денесінде, қолында, мойнында, арқа, жамбас бөліктерінде пышақ жарақаты бар.
Оқиға Нұрсәт шағынауданында болған. Ерлі-зайыптылардың жанжалдасып жатқанын әуелі көршілері естіпті. Артынша қансыраған әйелдің жанұшыра шыңғырып, терезеден қашпақ болғанын байқаған. Көршілерінің айтуынша, екі баласы бар жанұяда ұрыс-керіс жиі болатын көрінеді. Ал, жанжалға 41 жастағы азаматтың жұмыссыздығы себеп болған сияқты.
Әсел Сәденова, Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы:
- Жанжал кезінде жұбайы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзіне қол жұмсамақ болған. Соның салдарынан екеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!