Еліміздегі ауасы ең лас өңірлер анықталды
Қарағанды мен Павлодар еліміздегі ауасы ең лас өңірлер! Экология министрлігі жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. Ал ауаны ластауға үлкен үлес қосып отырған салалардың ішінде көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары, тау-кен металлургия секторы, мұнай өндіру мен көлік құралдары бар.
Автор: Ербол Тұрымбет
24.12.2019
2018 жылы ауаға тараған лас қалдықтардың көлемі екі жарым миллион тоннаға жеткен. Әрі ол жыл сайын 100 мың тоннаға өсіп келеді. Оның үстіне қазір ел аумағындағы үш жарым мың полигонда 120 миллион тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық жинақталған. Оған жыл сайын 5 миллион тоннадан тағы қосылып отыр. Биылдан бастап пластмассаны, макулатураны, картон мен қағаз қалдықтарын және шыныны көмуге тыйым салынды. Алайда өңірлерде тиісті инфрақұрылым болмағандықтан, бұл шара да орындалмай отыр дейді министр.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
- Өңірлердегі шығарындылардың негізгі үлесі Қарағанды және Павлодар облыстарында, яғни шамамен 56 пайызды құрайды. Егер тиісті шара қабылданбаған жағдайда, 2030 жылы болжам бойынша ластаушы заттардың эмиссиясы 3,6 млн тоннаға дейін өсетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!