Елімізде қанша азамат тегін медициналық көмекке жүгіне алады
Еліміздегі азаматтардың 15 санаты, яғни 10 миллион тұрғын 2020 жылдан бастап тегін медициналық көмекке жүгіне алады. Ал қалған 8 миллион қазақстандық жұмыс берушілердің және өз қаржысына емделеді. Бес жылдық әзірліктен соң «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қаңтардан бастап күшіне енетін болды.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
24.12.2019
Айбатыр Жұмағұлов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының төрағасы:
- 1ші қаңтардан бастап жұмыс беруші екі пайыз төлейтін болады, жұмысшылар өзінің жалақысынан бір пайыз төлейтін болады. Жалпы бұл сома медициналық көмек көрсетілгендегі шығындарға жұмсалады.
Қазір Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 270 миллиард теңге бар. Бұл көрсеткіш жыл сайын жұмыс берушілер мен жекеменшік сектордың есебінен 500-700 млрд теңгеге ұлғайып отыруы керек. Жалпы, 2016 жылмен салыстырғанда, денсаулық сақтау саласына құйылған инвестиция да үш есе артқан. Әрі мұндағы жеке инвестициялардың көлемі 60 миллиард теңгені құрайды.
Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Денсаулық саласына қандай көңіл бөлінгенін күнделікті өмірден жақсы білесіздер. Оның ең бір негізгі айғағы – қазақстандықтардың өмір сүру мерзімі. Яғни, 73 жасқа жеткені.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!