{metadescription}
Сот үкімі! Жас жігітті аман сақтап қалу үшін өз өмірін қиған
Сот үкімі! Жас жігітті аман сақтап қалу үшін өз өмірін қиған

Сот үкімі! Жас жігітті аман сақтап қалу үшін өз өмірін қиған

Төрт бірдей жұмысшысының өліміне себепші болған «Астана су арнасы» мекемесінің қызметкерлеріне қатысты бүгін сот үкімі шықты. Мекеменің Алматы ауданы бойынша кәріз қызметі бастығы мен механигі үш жарым жылдан жаза арқалады.

Төрт адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиға биыл мамыр айында болған. «Астана су арнасының» төрт сантехнигі кәріз құдығының ішіне түсіп, сорғы станциясына жөндеу жұмыстарын жүргізбек болғанда метан газына тұншығып қалды. Ал істен шыққан, пайдаланылмайтын кәріз құдығы «Астана су арнасы» мекемесінің тізімінде тұр. Қайғылы жағдайдан екі адам аман қалған еді. Олардың бірі, 1998 жылғы жігіт газға уланып ауруханаға түсті. Оны қаза тапқандардың бірі құдықтан ары итеріп жіберіпті. Автокран жүргізушісі, 1967 жылғы Амангелді Жаркеев осылайша жас жігітті аман сақтап қалу үшін өз өмірін қиған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде