ШҚО-да қар көшкіні түсетін қауіпті аумақ қанша?
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді. Мұны төтенше жағдайлар департаменті мамандары тау бөктеріндегі қарды жару арқылы қолдан жасаған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
25.12.2019
Тау бөктеріндегі қалың қарды жарып түсіру арқылы оның көлемін азайтпасқа шара жоқ. Өйткені төбедегі қар сырғып кететін болса, тауға көтерілетін тар жолдарды көшкін жайпайды. Қыста таулы Үлбіге туристер молынан ағылатындықтан, көшкіннің астында адам қалса оңбайтыны сөзсіз.
Жалпы Шығыс Қазақстан облысында 336 қар көшкіні түсетін аумақ бар. Оның 26-сы аса қауіпті саналады. Қолдан жасалған екі жарылыстан биік бөктерлерде жииналған 4300 шаршы метр қар тау етегіне түсірілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!