{metadescription}
Петропавлда сыйлықтан бас тартпаған мемқызметкерлер жазаға тартылып жатыр  
Петропавлда сыйлықтан бас тартпаған мемқызметкерлер жазаға тартылып жатыр  

Петропавлда сыйлықтан бас тартпаған мемқызметкерлер жазаға тартылып жатыр  

Петропавлда қоғам белсенділері шенеуніктерге сыйлық таңдап жүр. Олар салынған тыйымға қарамастан, сыйлық қабылдайтын шенеуніктер жоқ емес дейді. Сондықтан әрқайсысына бас сұғып жатыр. Қолды қайтармаған мемлекеттік қызметкерлер бірден жазаға тартылмақ.

Нұрлан Жахин, СҚО Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бастығының орныбасары:

- Ақбұлақ ауылының әкімі қамарағындағы қызметкерден сыйлық алған. Ондағы лосьон, әтір және жуынуға қажетті сұйықтықтардың бағасы 2800 теңгені құрады. Өткен жылы түрлі тәттілер, қымбат шоколадтар және блокнот сияқты кеңсе тауарларын қабылдаған шенеуніктер болды. 

Шындығына келгенде, сыйлықты қуана қабылдағыш шенеуніктер ел ойлағаннан аз болып шықты. Өткен жылы олардың саны бесеу болса, биыл біреуі ғана ұсталыпты. Жемқорлыққа қарсы күрес мамандары мұны өз еңбектерінің жемісі санайды. Дегенмен олар мемлекеттік қызметкерлерге жиі сыйға тартылатын ұсақ-түйек сыйлықтардың рейтінгін жасапты. Бірінші орында кәдімгі шоколад тұр. Шенеуніктер сыйлыққа жеке гигиена заттарын алғанды да ұнатады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде