{metadescription}
Жаңа жылдан бастап Нұр-Сұлтанда қоқыс шығару қымбаттайды
Жаңа жылдан бастап Нұр-Сұлтанда қоқыс шығару қымбаттайды

Жаңа жылдан бастап Нұр-Сұлтанда қоқыс шығару қымбаттайды

Қаңтардан бастап Нұр-Сұлтанда қоқыс шығару құны екі есе өседі. Яғни, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасу, қайта өңдеу, жою және көму жұмыстарының ақысын 246 теңгеден 466 теңгеге қымбаттайды.

«Жұмысшыларға жалақы төлеу, оларды қайта өңдеуге қажетті шығынды өтеу қиындап кетті», - дейді шенеуніктер. Сондықтан мәселенің бәрі тарифті көтеруге келіп тіреліп тұр екен. Жергілікті билік бұл қызмет түріне тариф құны 2011 жылдан бері өзгертілмегенін де айтып ақталды. Бұл аралықта жанармай шығынына дейін 90 теңгеден 193 теңгеге дейін өскен.

Нұрбол Нұрсағатов, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы:

- Әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлеміз. Жаңа тариф 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Көп қабатты үйлер – 390 теңге, жекеменшік үй иелері 411 теңге төлейді. Егер бұған дейін көпбалалы аналар 246 теңге төлесе, жаңа тарифке сәйкес, 190 теңге төлейді. Ал Ұлы Отан соғысының ардагерлері бұл төлемнен мүлдем босатылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде