Жол апаты! Аударылған көліктегі жас жігіт сол жерде жан тапсырды
Алматыда жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін жалмады. Тағы бесеуі түрлі жарақат алған.
Автор: Салтанат Шырынхан
25.12.2019
Жол апаты түнгі сағат екі шамасында барахолка жақта болды. Hyundai мен LADA соғысып, соның салдарынан LADA автокөлігі аударылып түскен. Сол аударылған көліктегі 22-25 жастағы жігіттер оқиға орнында жан тапсырды. Құтқарушылар олардың денесін машинаның ішінен кесу құралының көмегімен алып шықты. Полиция тергеу жүргізіп жатыр. Ал зардап шеккендердің біреуі дәрігер қараған соң үйіне жіберілген. Қалғаны ауруханада тиісті ем алуда. Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр.
Оңласын Ибекенов, Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Төрт науқас жеткізілді. Оның ішінде үшеуі ауруханаға жатқызылды. Екеуіне ота жасалды. Біреуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімшесінде. Диагнозы: қосарланған ауыр жарақат, бастың жабық жарақаты. Ми шайқалуы, пневмоторакс, көк бауыры жарылған. Барлық науқастың жағдайы қалыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!