{metadescription}
Жаңа жылға 37 миллион бөлген Ақтауда не өзгерді  
Жаңа жылға 37 миллион бөлген Ақтауда не өзгерді  

Жаңа жылға 37 миллион бөлген Ақтауда не өзгерді  

Ақтаулықтар жергілікті билік қаланы жаңа жыл мерекесіне безендіруге шамадын тыс ақша жұмсады деп айыптауда. Белсенділердің айтуынша, бақандай 37 млн теңге қаржы бөлінгенімен, қала көркінің өзгерген ештеңесі жоқ.

Вероника Шведикова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Осыншама қаржы жаратылды дегенге сену қиын. Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы шыршаны көрдік, ойыншықтары да жоқ. Меніңше, өткен жылғыны қолдана салған сияқты. Былтыр да дәл осындай жағдай болған. Ол кезде де наразылық білдірген едік.

Шенділер сапаға емес, санға мән берген тәрізді. Үлестірілген қаражатқа биыл Ақтауда үш шырша қойылған. Оның екеуі төрт жыл бұрын сатып алынған көрінеді. Атқамінерлер шырша ескі болғанымен, есесіне түрлі-түсті шамдардың жаңа екенін айтып мақтанды. «Оны қаланың ең көрікті жеріндегі талдарға ілдік», - дейді. Онысы облыс және қала әкімдігінің алаңы болса керек. Себебі, тек осы төңірек қана жарқырап тұр. Ал сатып алынған жалғыз шырша жағалауға орнатылды. Өйткені жаңа жылдық мереке осы жерде аталып өтеді. Сондай-ақ, билік өкілдері қаланы безендіруге шамадан тыс қаржы жұмсалды деген «бекер» дейді.

Қайрат Ақыбаев, Ақтау қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

- Жергілікті бюджеттен 37 млн қаражат бөлгенбіз. Конкурс нәтижесімен бізде «Атамекен» деген мекеме 29 млн теңгеге жеңіп алды. Біздің салған бағамыз бір шыршаға 9 млн теңге жобасында болды. Сонымен бірге қосымша безендіруге жұмсалатын қаражаттар да одан бөлек есептеледі.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.