{metadescription}
Шымкент-Сити! Көпбалалы және жалғызбасты аналар пәтер әділетсіз үлестірілуде дейді
Шымкент-Сити! Көпбалалы және жалғызбасты аналар пәтер әділетсіз үлестірілуде дейді

Шымкент-Сити! Көпбалалы және жалғызбасты аналар пәтер әділетсіз үлестірілуде дейді

Шымкент әкімдігінде әйелдер тағы шу шығарды. Көпбалалы және жалғызбасты аналардың айтуынша, кезекпен беріліп жатқан пәтерлер тым әділетсіз үлестіріліп жатқан көрінеді. Кезегі келіп, шенеуніктер береміз деген үйі ақыры жоқ болып шықты дейді.

Ләззат Күлжанова, Шымкент тұрғыны:

- Кеше 450 үй беріліп жатыр. Ол кімге беріліп жатыр, білмейміз. «Шымкент Ситиде» баржоғы 30 пайыз адам тұрып жатыр деді. Қалған үйлер 9 қабаттың барлығы бос, содан беріледі деді. Бізге 20-шы желтоқсанға дейін Әбдінұровтың өзінің берген еркекше сөзі бар. «Сендер аласыңдар, «Шымкент Ситидегі» үйдің жарығы, газы қосылмай жатыр, күтіңдер, барлығын істеп береміз» деді. Енді, ақырында үй жоқ.  

«Шындық жоқ» деп ақ қағазға жазып әкімдіктің алдында шулаған әйелдердің сөзінше, күнгейлік мегаполисте кезекті жылжытуға әбден болады. «Ол үшін жауапты шенеуніктерге 600 мың мен бір жарым миллион теңгенің арасында ауызбастырық берсе болды», - дейді. Мысал ретінде электронды порталда кезегі тым күмәнді жылжыған өзге адамдардың тізімін көрсетті. Мәселен, портал бойынша қыркүйек айында үш мыңыншы орында тұрған әйел, арада үш ай өткен соң мыңыншы болып шыға келіпті.

Ал атқамінерлер мұның бәрін жоққа шығарады. Электронды кезекті реттеу мүмкін емес екенін айтып, жиналған жұрттың бәрі «пәтер алады» деп отыр. Мәселен, алдағы бір айдың өзінде мың жарымнан астам адамға үй берілмекші. Оған шыдам керек.

Мәлік Әбдінұров, Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Биыл заң өзгерді. Көпбалалы отбасыларды біз бөлек санатқа шығардық. Сол кезде толық емес санатта тұрған азамат көпбалалы отбасына өтті. Сол үшін бір санаттан екінші санатқа өтіп, содан цифралар өзгерді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде