{metadescription}
Алай-дүлей боранда 64 шетелдік мінген автобус жолдан шығып кетті
Алай-дүлей боранда 64 шетелдік мінген автобус жолдан шығып кетті

Алай-дүлей боранда 64 шетелдік мінген автобус жолдан шығып кетті

Ақмола облысындағы алай-дүлей боранда 64 шетелдік мінген автобус жолдан шығып кеткен. Новосібір-Шымкент бағытындағы жолаушылар көлігінде ересектермен бірге үш бала болыпты.

Түк көрінбейтін боранда түнімен жүріп келе жатқан автобус таң ата Ерейментау-Шідерті бағытында  кенеттен жолдан тайып кеткен. Нәтижесінде автобустың алдыңғы терезесі сынып, көлік ішіне қар толған. Ондағы жолаушылардың 15-і Ресей, 49-ы Тәжікстан азаматтары болып шықты. Хабар түсісімен құтқару тобы жетіп, жолаушыларды жақын жердегі Новомарковка мектебінде әзірленген жылы орынға жеткізген. Бірнеше сағаттан кейін жолаушылар басқа автобустармен діттеген жеріне аттанды.

Руслан Мұсаев, Ақмола облыстық ПД басқарма бастығының орынбасары:

- Көлік жолдан шыққан кезде алдыңғы терезе түгел сынып кеткен. Климаттың өзгеруінен тежегіш істен шыққан екен. Құтқарушылар мен полиция жедел қимылдап, автобусты қар құрсауынан алып шықты. Шетелдік жолаушылар құтқарылды. Жүргізушінің көлігін жөндеп, оталдыруына көмек көрсетілді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде