{metadescription}
«Асыл бала» қоры мүмкіндігі шектеулі балалардың тілегін орындап, риза етті
«Асыл бала» қоры мүмкіндігі шектеулі балалардың тілегін орындап, риза етті

«Асыл бала» қоры мүмкіндігі шектеулі балалардың тілегін орындап, риза етті

Елордада 600-ден аса мүмкіндігі шектеулі бала Жаңа жылды ерекше жағдайда қарсы алды. Арнайы концерттік бағдарламаны тамашалап, мұз үстіндегі бишілердің өнеріне тәнті болды. Ал кеш соңында оларға мерекелік дастархан жайылды. Кереметтің бәріне «Асыл бала» қоғамдық қоры ұйытқы болды.

Мерекелік жиынға келгендердің басым көпшілігі Ақмола облысы мен елордалық балалар. Аумағы кең сауда, ойын-сауық орталығының ішінде 630 бүлдіршін емін-еркін ойнақтап жүр. Соларға ұйымдастырылған сахна Мағжан Жұмабаевтың туған жерінен келген Дидарға да қатты қатты ұнаған. Оған микротия және артезия, яғни оң құлақ ақауы диагнозы қойылған. 

Дидар Аймұханов:

- Мен осы шараға келгенімде басында уайымдадым. Сосын түсіндім, барлығы жақсы екен, мен сияқты балалар бар екен. Концерт, сыйлықтары қатты ұнады.

Кейбірінің көруі, тағы біразының жүруі қиын. Бірақ сахнадағы кереметті тамашалайтын жерде орындық қойылмаған. Мақсат – қасындағы сау балаларға қарап, өз-өзін ұмтылдыруға тәрбиелеу.

Ұйымдастырушылар да биді әдейі осылай жасаған. Яғни, сахнадағы өнерпаздарға қарап, олар да қол-аяғын қимылдатуға тырысып бағады. Айта кетерлігі, бұл «Асыл бала» қоғамдық қоры ұйымдастырып жүрген көп шараның бірі ғана.

Гүлнәр Өтепова, «Асыл бала» қоғамдық қорының төрайымы:

Біз жуырда ғана қайырымдылық кешкі ас ұйымдастырып, содан біраз қаржы жинадық. Соның арқасында елорда мен Алматы қаласындағы екі бірдей медицина мекемесіне ота жасауға арналған екі үстел алып бердік. Бүгінгі шара да сол қайырымдылық істеріміздің жалғасы.

Концерттік бағдарламадан соң бір-бір қалта сыйлық алған балалар артынан мұз үстіндегі бишілердің өнеріне көз тікті.

Қоғамдық қордың жұмысын бастағанына келер жылы бес жыл болады. Осы аралықта қор жұмысын жандандыруға Дариға Назарбаева басқаратын қамқоршылар кеңесінің қосып отырған үлесі зор.

Зағипа Балиева, «Асыл бала» қоғамдық қорының қамқоршысы:

- Бес жылдың ішінде қанша ісшара іске қосылды. Бес мыңдай баланы емдедік, шетелге жібердік. Біздің міндетіміз тек қана шетелге жіберу емес, шетелден дәрігер әкелеміз, шетелден құрал-жабдық әкелеміз. Міне, қазір Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының ісікпен ауыратын балаларды емдейтін бөлімшеге қаншама қондырғы әкелдік.

Қор басшылары ендігі жылы дәл осындай шараны Алматыда ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Содан кейінгі кезекте Талдықорған. Сөйтіп бүкіл ел аумағын қамтығысы келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.