{metadescription}
Нұрлан Ноғаев бұрынғы орынбасарын министрлікке неге ертіп келді
Нұрлан Ноғаев бұрынғы орынбасарын министрлікке неге ертіп келді

Нұрлан Ноғаев бұрынғы орынбасарын министрлікке неге ертіп келді

Қарағаевтың кім екенін істеген жұмысы көрсетеді. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Атырау облысындағы бұрынғы орынбасарын министрлікке неге ертіп келгенін түсіндірді.  

Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика министрі:

- Қарағаев мырза министрліктер алдына қойылған талап, міндеттерді орындауға қабілетті маман. Бұл – оның саласы. Жергілікті атқару органдарында жұмыс істеген тәжірибелі маманның нәтижесі жұмысына өздеріңіздің де көздеріңіз жетеді деген сенімдемін.

Министр Ноғаев бұған дейін Атырау облысының әкімі болып тұрғанда Жұмабай Қарағаев орынбасары болған. Ал Ноғаев Энергетика министрі болғанда, Қарағаев вице-министр болып келді. Дегенмен министр бұл ісін «командамен көшіп жүру» деп есептемейді. Оның айтуынша, орынбасары өз саласын жақсы меңгерген маман.

Айта кетейік, Жұмабай Қарағаевтың жасы 48-де. Әр жылдары Маңғыстау және Атырау облыстарында жеке компанияларды басқарып, кейін Атырау облыстық көлік және жол басқармасына басшылық еткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.