{metadescription}
Мұғалімнің ар-намысын таптаған айыппұл төлеп, түрмеге қамалады
Мұғалімнің ар-намысын таптаған айыппұл төлеп, түрмеге қамалады

Мұғалімнің ар-намысын таптаған айыппұл төлеп, түрмеге қамалады

Оқушы педагогтың ар-намысын таптап, балағаттаса, ата-анасы 75 мың теңге айыппұл төлейді. Түрмеге де қамалуы мүмкін. Сенат мұғалімнің мәртебесін көтеруге байланысты жаңа заң жобасын мақұлдады. Енді президент қол қойған соң, заң күшіне енеді.  

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Мұғалімді балағаттап, құқын бұзғандарға Әкімшілік кодексте арнайы талап қарастырылған. Мұндай әрекеттерге барғандарға ең төмені 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 75 750 теңгеден бастап айыппұл салынады, тіпті әкімшілік қамауға алынады.

Шенеуніктердің пайымынша, мұндай шара талай ата-ананы баласын жөнге алуына түрткі болады. Сондай-ақ, педагогтың жұмысына негізсіз араласқан, жөнсіз есеп тапсырған білім беру мекемелері де жазасыз қалмайды. Министрдің сөзінше, бұндай дерек дәлелденсе, кінәлілер 50 мыңнан 250 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды. Жалпы мұғалім мәртебесі туралы заң жобасы алғаш маусым айында ұсынылған еді. Ал заңды жүзеге асыруға 2024 жылға дейін 5,3 триллион теңге қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде