{metadescription}
Павлодар облысында 50-ден астам көлік қар құрсауында қалды
Павлодар облысында 50-ден астам көлік қар құрсауында қалды

Павлодар облысында 50-ден астам көлік қар құрсауында қалды

Павлодар облысында ақтүтек боранның кесірінен 50-ден астам көлік тас жолда қалып қойды. Күн райының күрт өзгеруінен Солтүстік өңірде жолдар жабық. Алайда шалғайдағы ағайын төтенше жағдай қызметінің бұл ескертуін елемеген сыңайлы. Жолға шыққан жүк көліктері қар құрсауында қалып қойған.

Арқадағы ақтүтек бораннан қарға адым жер көрінбей қалған. Соның салдарынан Екібастұз ауылдық округіндегі айналма жолда қырық жүк көлігі, үш автобус және он екі жеңіл машина қаңтарылып тұр. Кептеліп қалған көліктер алты шақырымға созылған. Құтқарушылар жолаушылар мен жүргізушілерді Босшакөл ауылындағы жылу пунктіне эвакуациялауды ұсынды. Алайда иін тірескен көліктеріне алаңдаған адамдар бұдан бас тартқан. Абырой болғанда, құтқарушылар араға бірнеше сағат салып, жолды тазалап, жиналған көліктер сапарын жалғастырды.

Ернар Бөлегенов, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

- Ауа райының қолайсыздығы жайында халыққа ескерту жасалды. Бірақ көпшілігі оны елеместен жолға шығып кеткен. Тіпті тасымалдаумен айналысатын ұйым кәсіпорындарының басшылары да автобустарын рейске шығарған. Соның кесірінен олар орта жолда тұралап қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.