{metadescription}
Түркістанға жол тартқан лық толы автобус жантүршігерлік апатқа ұшырады
Түркістанға жол тартқан лық толы автобус жантүршігерлік апатқа ұшырады

Түркістанға жол тартқан лық толы автобус жантүршігерлік апатқа ұшырады

Түркістан облысында жан түршігерлік жол апаты болды. Шымкенттен Түркістанға жол тартқан жолаушыға лық толы шағын автобус трактордың артынан қатты соққан. Соның салдарынан екі адам көз жұмса, тағы алтауы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Әсіресе 25 жастағы келіншектің хәлі мүшкіл.

Жол апаты таңғы алты жарым шамасында Шымкент-Самара тас жолында болды. Жолаушыға лық толы «Хюндай Старекс» шағын автобусы Шымкенттен Түркістанға бет алған. Жүргізушінің көзі ілініп кетті ме, жоқ әлде жылдамдықты асырып байқамай қалды ма, алдында кетіп бара жатқан тракторды соққан. Соққының күшті болғаны сондай. Шағын автобус бірнеше мәрте аунап кетті.

Видеоны сол маңда өтіп бара жатқандар түсіріп алыпты. Жол ортасында  шағын автобус жарамсыз болып қалған. Салондағы  екі адамның өмірі бірден қиылды. Алтауы жедел жәрдем көлігімен Ордабасы аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Алты баласы бар Қайрат Қонысов жарты жыл бойы Ресейде қара жұмыс істеп, отбасына асығып келе жатқан беті екен. Басынан қатты соққы алған 38 жастағы азамат енді бірнеше күн ауруханада жатады.

Қайрат Қонысов, зардап шеккен жолаушы:

- Жылдамдықты асырып бара жатыр ма еді?

- Жоқ. 100бен-ақ келе жатқан.

- Бәріңіз ұйықтап жаттыңыздар ма?

- Біразы ұйықтап жатқан. Мен алдында отырдым. Қасымдағы адамды білмедім. Басым ауырып жатыр. Соққы осы жерден болғанау деймін.

Ауруханаға жеткізілген алтаудың біреуі үйіне жіберілді. Төртеуі хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Көбінің миы шайқалып, аяқ-қолы мен қабырғасынан жарақат алған. Бәрі күнгейдің тұрғындары. Арасында балалар жоқ. Десе де, 25 жастағы келіншектің хәлі ауыр.

Жансерік Орынбаев, Ордабасы аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Азаматшаның жағдайы өте ауыр. Басынан қатты соққы алған. Әлі есіне келген жоқ. Ол кісіге санавиция желісі арқылы қаладан облыстық ауруханадан нейрохирург дәрігері және реаниматолог дәрігері келіп, қарап, кеңес беріп кетті. Қазір жедел ота жасау қажеттігі жоқ.

Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Ешқандай зақым алмаған шағын автобус жүргізушісі қамауға алынып, тергеліп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде