{metadescription}
Сотта Ертаев пен 36 қызметкердің қылмысына қатысты талай мәлімет жария болды
Сотта Ертаев пен 36 қызметкердің қылмысына қатысты талай мәлімет жария болды

Сотта Ертаев пен 36 қызметкердің қылмысына қатысты талай мәлімет жария болды

Ақшаны несие арқылы ұрлаған. Алматыда атышулы банкир Жомарт Ертаев пен оның сыбайластары сот алдында жауап беріп жатыр. Прокурор Ертаев пен 36 қызметкердің қылмыстарын тізіп шығып, талай мәліметті жария етті. Ертаевқа миллиардтап ақша жеуге көмектескен сыбайластары жалған құжат жасап, өздерімен байланысы жоқ адамдарға кепілсіз миллиардтап несие рәсімдеген.

Жомарт Ертаевқа қатысты алғашқы сот отырысына жиналғандардың қарасы әдеттегідей қалың. Бірақ бұл жолы судья бұқаралық ақпарат өкілдерін ішке кіргізбеді. Журналистер сотты арнайы бөлмеде монитордан көріп отырды. Прокурор атышулы істе құпия құжаттар көп екенін алға тартып, сот процесін жабық түрде өткізуді сұрады. Алайда бұған жәбірленуші тарап үзілді-кесілді қарсы.

Жәбірленушінің жауабынан кейін судья өтінішті қанағаттандырмады. Яғни, сот ашық түрде өтеді. Ал айыпталушы орындығында Ертаевпен бірге «RBK BANK» пен жабылып қалған «QAZAQ BANKI»-нің әртүрлі дәрежедегі 36 қызметкері бар. Айыптау актісінің өзі 280 беттен тұрады. Прокурор Ертаев пен оның сыбайластарының қылмыстарын әлі бірнеше күн тізіп шығатын сыңайлы.

Берік Шерәлиев, мемлекеттік айыптаушы:

- Айыпталушылар Ертаев пен Ляхудзаевтың жоспарын жүзеге асыруға көмектескен. Қылмысқа жасауға келісім беріп, қыруар қаражатты жымқырған. Ұрланған ақшаға құнды мүліктер алынған. Сондайақ, RBK банкінде ресми түрде есепте тұрған қызметкерлерге, яғни Ертаевқа, Люхудзяевке және олардың сыбайластарына қызмет көрсетушілерге жалақы төленген. 

Еске сала кетейік, «RBKBank» директорлар кеңесі төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевқа қызметін пайдаланып, 2011-2017 жылдар аралығында банктен 144 миллиард теңге жымқырды деген айып тағылып отыр. Бұл тірлігін атқаруға Ертаевқа «елуден астам сыбйласы көмектескен дейді» тергеушілер. Экс-банкирді өткен жылы Интерпол қызметкерлері Мәскеуде ұстаған болатын. Ал биыл ол наурыз айында елге экстрадицияланды.

Тергеу мәліметінше, Жомарт Ертаев RBK банк башылығына сенімді серіктерін тағайындап, ақша жымқыруға жоспар құрған. Қаржыгердің ым-жымы бір сыбайластары жалған құжат жасап, заңсыз несие рәсімдеу арқылы миллиардтарды ұрлаған. 700 томқа арқау болған атышулы істе әзірге осындай мәліметтер белгілі болды. Прокурор айыптау актісін толық оқып біткеннен кейін топ-менеджерлердің әлі талай жымысқы әрекеттері әшкере болуы бек мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде