{metadescription}
Аукционда миллионға ұсынылған облыс әкімінің суретін кім сатып алды
Аукционда миллионға ұсынылған облыс әкімінің суретін кім сатып алды

Аукционда миллионға ұсынылған облыс әкімінің суретін кім сатып алды

Павлодар облысы әкімінің портреті қанша миллион тұрады? Әлеуметтік желіде Болат Бақауовтың суретін судаға салған видео қызу талқыланып жатыр. Онда танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бастаған жүргізушілер кілең кәсіпкерлер арасында аукцион ұйымдастырып, облыс басшысының портретін мейлінше қымбатқа сатуға жанын салуда. Жергілікті билік өкілдері бірден ақталуға тырысты. «Аукцион қайырымдылық кеште ұйымдастырылды», - дейді олар. Сонымен, әкімнің суретін алған адам кім?  

Сәт сайын бағасы өсіп, құны қымбаттай түскен Болат Бақауовтың портретіне әркімнің-ақ бар таласы. Қалталы кәсіпкерлер облыс басшысына жағыну үшін қарапайым суреттің бағасына қарап жатқан жоқ. Бірінен бірі асып түсуге қанша қаржы болса да төлеуге дайын сияқты. Құдды бір Да Винчи мен Пикассоның туындыларына таласқандай кезек-кезек қол көтереді. Осылайша тартысқа толы аукционда Болат Бақауов бейнеленген портрет 2-3 пәтердің бағасына сатылды.

Қарапайым суреттің қыруар қаржыға сатылғанына жүргізушілердің өзі сеніңкіремей тұр. Аукционда Болат Бақауовтың портретінен бөлек тағы 19 картина сатылымға шығарылыпты. Одан бас-аяғы 50 миллион теңге табыс түскен. Бақауовтан кейін Малайсары батырдың суреті қымбатқа бағаланыпты. Оны түркиялық бизнесмен 15 миллион теңгеге сатып алған. Бірақ облыс әкімінің баспасөз хатшысы, әкімнің портреті «бар болғаны 700 мың теңгеге сатылды» деп міз бақпай отыр. Ал аукционда миллиондардың айналғанын ескерсек, не біз ақымақпыз, не баспасөз хатшысы өтірікті суша сапырып тұр.

Ернар Сайдахмет, Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы: 

- Лоттардың ішінде облыс әкімінің портреті де бар. Портретті ауған соғысының ардагерлері сыйға тартқан болатын. Оның бағасы кеше 700 мың теңгеге кетті. Облыс әкімінің суреті 28 миллионға кетті деген сөз таралып жатыр. Алайда оның құны 700 мың теңге. «28 миллион» деген Тұрсынбек Қабатовтың жәй ғана әзілі.

Шу шығып кетпесін деді ме, облыстық әкімдіктегілер осылайша бар бәлені Тұрсынбек Қабатовқа жаба салды. Тіпті әкімнің суретін сатып алған азаматтың атын да құпия ұстауға тырысты. Дегенмен, көпке ұзамай-ақ суреттен ақша аямаған кәсіпкердің аты Гнел Акопян екені белгілі болды. Ол облыста талай тендерге қатысып жүрген, жол құрылысымен айналысатын белгілі бизнесмен, әрі облыстық Мәслихаттың депутаты. Акопян әкімдік өкілінің өтірігін де ашып тастады. Суретті 31 миллионға алғанын ол жасырып отырған жоқ. Ал дүркіреп өткен кешке кіру билеті 25 мың теңгеден сатылыпты. Оған Болат Бақауовтың өзі де қатысқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.